28 қазан күні Минскіде ТМД Үкімет басшылары кеңесінің отырысы өтеді

28 қазан күні Минскіде ТМД Үкімет басшылары кеңесінің отырысы өтеді
ашық дереккөз
28 қазан күні Минскіде ТМД Үкімет басшылары кеңесінің отырысы өтеді
28 қазан күні Минскіде өтетін ТМД үкімет басшылары кеңесінің отырысының күн тәртібінде 20-дан астам мәселе қаралады, - деп хабарлады РИА Новости. «30 тамыз күні Минскіде Достастықтың жарғылық және басқа да органдары жанында ТМД-ға мүше мемлекеттердің тұрақты уәкілетті өкілдері Кеңесінің кезекті отырысы өтеді. Отырыста 28 қазан күні Минскіде өтетін 20-дан астам мәселе енгізілген ТМД үкімет басшылары кеңесі отырысының күн тәртібін құру жоспарлануда», - делінген хабарламада. Болжам бойынша, үкімет басшылары еркін сауда аймағы туралы келісімді жүзеге асыру барысы, 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған ТМД елдерінің энергетикалық ресурстарды өндіру және тұтыну болжамы, орта мерзімді перспективада гуманитарлық ынтымақтастық саласындағы басым іс-шараларды талқылайтын болады.

Ақпарат көзі: ҚазАқпарат

 

Ұқсас жаңалықтар