Астаналықтар бұдан былай пәтер жалдаудың орнына қонақ үйде тұра алады

Астаналықтар бұдан былай пәтер жалдаудың орнына қонақ үйде тұра алады
ашық дереккөз
Астаналықтар бұдан былай пәтер жалдаудың орнына қонақ үйде тұра алады
Астанада пәтер жалдап тұратындар үшін жаңа қызмет түрі пайда болды. Ай сайын жаңа пәтер іздеп сабылатын баспанасыздар үшін енді пәтерден пәтерге көшіп сандалмай-ақ қонақ үйге тұра беруіне болады. – деп жазады BAQ.kz тілшісі.
Бұл жаңалық пәтерлерін жалға беретін қожайындарды қуанта қоймасы анық. Бір адамға 80 мың теңге болатын бұл қызмет құны екі адам үшін 100 мың теңге. Айына төленетін 100 мың теңгенің құрамына WI-FI, кабелді телеарна, телефон қызметі, коммуналдық шығындар, салқындату жүйесі және аптасына бір рет жасалатын тегін бөлме тазалығы мен айына бір рет ауыстырып беретін төсек-орын жабдығы кіреді. Ал таңғы ас үшін бөлек төлеуіңізге тура келеді. Аталмыш қонақ үй Астана қаласының Алматы ауданында орналасқан. Ал осы аудандағы бір бөлмелі пәтерді жалға алу бағасы 90 000 теңге. Оған қосымша коммуналдық шығындарды қосыңыз. Яғни осы аумақтағы жалға берілетін пәтер құнынан қонақ үйдің бағасы арзан.

Ақпарат көзі:Baq.kz

Ұқсас жаңалықтар