Головкин спортпен қош айтысатын уақытын атады

Головкин спортпен қош айтысатын уақытын атады
ашық дереккөз
Головкин спортпен қош айтысатын уақытын атады
WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Геннадий Головкин атақты боксшылармен жекпе-жекке өткізе алмайтынына көңілі түскенін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz. Айта кетейік, Головкин Лондонда 10 қыркүйекте рингке оралады. Онда ол орта салмақта жұдырықтасатын үлыбританиялық Келл Брукпен (36-0, 25 КО) жекпе-жек өткізеді. "Мен әлем мықтыларымен жұдырықтасқым келеді. Алайда көпшілігінің менімен жекпе-жекке шығуға батылы жетпейді. Спорттық мансабымның аяқталуына екі, мүмкін үш жыл ғана қалды. Менің боксшыларды күтетін уақытым жоқ", - деп келтіреді Головкиннің сөзін BoxingScene.com. "Менімен жекпе-жек өткізу үшін келісімшарт жасауға батылы барған боксшыларды құрметтеймін", - деп жауап берді Головкин Канело туралы қойылған сұраққа. Ал мексикалық боксшы Альварес болса, Головкинге жауап ретінде: "Өзіне жақындатқан адамдары оны өзгертіп жіберді. Ол сандырақтай береді. Головкинді оны қоршаған адамдар өзгертті" деген болатын. Golden Boy Promotions басшысы Оскар Де Ла Хойяның айтуынша, Головкин мен Альварес шаршы алаңға 2017 жылы шығады. Екі команданың ауызша жасалған келісімі бар екен. Осылайша, Головкин келесі жекпе-жегінде 30 жастағы ағылшын, жартылай орта салмақта IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы Келл Брукпен кездеседі. Олардың кездесуі 10 қыркүйекте Лондонның O2 аренасында орта салмақта (160 фунт) өтеді. Екі боксшы да кәсіпқой рингте әлі жеңіліп көрмеген. 34 жастағы Головкин 35 рет жеңіске жеткен, оның 32-сі уақытынан бұрын аяқталған. 30 жастағы Брук 36 рет жеңіске жетіп оның 25-ін нокаутпен аяқтаған.

Ақпарат көзі: Kaz.tengrinews.kz 

Ұқсас жаңалықтар