Елімізде гір көтеруден әлем чемпионаты өтеді

Елімізде гір көтеруден әлем чемпионаты өтеді
ашық дереккөз
Елімізде гір көтеруден әлем чемпионаты өтеді
Гір көтеруден әлем чемпионаты Ақтөбеде өтетін болады. 2016 жылдың 26-30 қыркүйек аралығында өтетін дүбірлі додаға әлемнің 35 елінен 700-ге тарта спортшы қатысады – дейді BAQ.kz тілшісі.
 Осыған байланысты Ақтөбеде облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың қатысуымен ұйымдастыру комитетінің отырысы өтті. Ақтөбедегі "Қоны«" спорт кешенінде өтетін дүбірлі додадада ел намысын қорғауды қолға алған спортшылар әлден-ақ дайындықты бастап кетті.
20 тамыздан бастап ұлттық құраманы жасақтау, алдағы чемпионатқа дайындалу жұмыстары қызу жүріп жатыр. Әзірге қатысуға ниет білдіріп отырған елдердің саны отыздан асты. Қыркүйек айының 15-не дейін жалғасатын қатысушылар өтінішін тіркеу бұл санның да алдағы уақытта өзгеретіні анық дейді. Ұйымдастырушылармен кездесу өткізген Бердібек Сапарбаев чемпионатты жоғары деңгейде өткізуді тапсырды.
- Бұл өңірдегі спортты дамытуға және ілгерілетуге ықпал ететін маңызды шара. Сондықтан біз чемпионаттың жоғары деңгейде өтуі үшін бар күшімізді салуымыз қажет,-деді өңір басшысы.
Сонымен қатар, Бердібек Сапарбаев әлемнің түкпір-түкпірінен чемпионатқа келетін қонақтар мен спортшыларға қазақ ұлттының ұлттық ерекшеліктерін таныстыру керектігін тапсырды.

Ақпарат көзі: Baq.kz

Ұқсас жаңалықтар