РИО-2016: Боксшы Дариға Шәкімова жартылай финалға өтті

РИО-2016: Боксшы Дариға Шәкімова жартылай финалға өтті
ашық дереккөз
РИО-2016: Боксшы Дариға Шәкімова жартылай финалға өтті
Рио-де-Жанейро қаласында өтіп жатқан жазғы Олимпиада ойындарында бүгін бокстан 75 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен боксшы аруымыз қарсыласын ұтып, жартылай финалға өтті, деп хабарлайды Риодағы ҚазАқпарат тілшісі. Қазақстандық боксшы Дариға Шәкімова ширек финалда мароккалық Хадиджа Мардимен жұдырықтасты. Аса тартысты өткен жекпе-жектің қорытындысында төрешілердің шешімімен қазақ аруы жеңімпаз деп танылып, жартылай финалға өтті. Енді жартылай финалда Шәкімова Лондон Олимпиадасының чемпионы Кларесса Шилдспен жұдырықтасатын болады. Естеріңізге сала кетейік, Рио Олимпиадасына боксшы аруларымыз екі жолдама жеңіп алған болатын. Оның бірі Жайна Шекербекова кеше ширек финалда франциялық боксшы, Әлем чемпионатының вице-чемпионы Сара Урамуннан ұтылды. Енді боксшы қыздарымыздан осы Дариға Шәкімова ғана қалды. Еске сала кетсек, осыдан төрт жыл бұрын Лондон Олимпиадасында Марина Волынова бокстан қола жүлдегер атанған болатын.

Ақпарат көзі: ҚазАқпарат

Ұқсас жаңалықтар