Ірі гипс зауыты іске қосылады

Ірі гипс зауыты іске қосылады
ашық дереккөз
Ірі гипс зауыты іске қосылады
«Жамбылгипс» акционерлік қоғамы құрғақ қоспалар мен гипс материалдарын дайындайтын №3 зауытты іске қосуды жоспарлап отыр. Жобалық құны 1 миллиард 715 миллион теңгені құрайтын жобаны аталмыш акционерлік қоғам мемлекеттің 2015-2019 жылдардағы Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында жүзеге асырып отыр. Бұл акционерлік қоғамның жаңа зауыт құрылысын жүргізудегі серіктестері озық технология мен гипс материалдар және құрғақ қоспалар өндіретін жетекші шетелдік компаниялар болып табылады. Кәсіпорын «KNAUF», «Lafarge», «ALCIBAY» гипс өндірушілерімен бірлесіп жұмыс атқарады. Жоба серіктестері тәулігіне 750 тонна гипсті және 600 тонна құрғақ қоспаларды әзірлеп шығара алатын 4 өндіріс желісін іске қосу үшін оларды озық технологиялық жабдықтармен қамтамасыз етуде. Гипс шығаратын бұл зауытта басқару мен қадағалау автоматты режімде жүргізіледі. Құрылысы жүргізіліп жатқан аталмыш зауыт еліміздегі өз саласы бойынша ең ірі зауыт саналады. Зауытты іске қосу аясында өнімнің көлемін бес есеге дейін ұлғайту жоспарланған, сол арқылы оның 40 пайызын экспортқа шығармақ.

«Ақ жол-Ақпарат».

Ұқсас жаңалықтар