Олжас Сәттібаев төрешілердің қателігінен әзірбайжандықтан ұтылып қалды

Олжас Сәттібаев төрешілердің қателігінен әзірбайжандықтан ұтылып қалды
ашық дереккөз
Олжас Сәттібаев төрешілердің қателігінен әзірбайжандықтан ұтылып қалды
52 келіде ел намысын қорғаған Олжас Сәттібаев әзірбайжандық әлем чемпионы Элвин Мамишзададан ұтылып қалды. Қазақ боксшысы соққыларын дөп тигізсе де, төрешілердің бүйрегі әзірбайжандыққа бұрып кетті. Төрешілердің барлығы да жеңісті Элвинге беріп, 3:0 есебімен ұтқан Әзірбайжан боксшысы келесі кезеңге өтті. Жеңімпаздың қолын көтергенде әділетсіз шешімге наразы болған жанкүйерлер гуілдей жөнелді. Осылайша, Олимпиаданы тағы бір боксшымыз екінші айналымнан соң аяқтады. Олжас Сәттібаев өзінің алғашқы Олимпиадасына қатысқан болатын. Рио Олимпиадасында екі қазақстандық боксшы әзірбайжандық қарсыластарын қатардан шығарды.

Ақпарат көзі: Nur.kz

Ұқсас жаңалықтар