Василий Левит Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері

Василий Левит Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері
ашық дереккөз
Василий Левит Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері
Рио-де-Жанейро Олимпиадасында Василий Левит Олимпиаданың күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды Риодағы ҚазАқпарат тілшісі. Қазақстандық боксшы финалда ресейлік Евгений Тищенкомен жұдырықтасты. Василий Левит жартылай финалда кубалық боксшы Эрисланди Савонмен жекпе-жекке шығып, оны 2:1 есебімен ұтқан болатын. Василий Левит екі дүркін Қазақстан чемпионы, Азия біріншілігінің жеңімпазы. Ол Олимпиаданың ширек финалында мавританиялық Кенеди Сен-Пьеррді 3:0 есебімен ұтып, жарыс жолынан тайдырған болатын. Ал оның алдындағы іріктеу сайыстарында қытайлық Юй Фенкайды екінші раундта нокдаунға түсіріп, үшінші  раундта қарсыласы жекпе-жекке шығудан бас тартқан. Міне, бүгін Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері атанды.

Ақпарат көзі: ҚазАқпарат

Ұқсас жаңалықтар