РИО-2016: Данияр Елеусінов финалға шықты

РИО-2016: Данияр Елеусінов финалға шықты
ашық дереккөз
РИО-2016: Данияр Елеусінов финалға шықты
Рио-де-Жанейро қаласында өтіп жатқан жазғы Олимпиада ойындарында бокстан 69 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде рингке шыққан қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов француздық Диопа Сулеймане Сисокконы ұтып, финалға шықты, деп хабарлайды Риодағы ҚазАқпарат тілшісі. Еске сала кетсек, 30 жастағы Маэстре - бокстан Венесуэла құрамасының капитаны. 2015 жылы Панамерикалық ойындардың чемпионы атанған, 2013 жылы әуесқойлар арасында өткен әлем чемпионатында қола ілген мықты боксшы. Ал, 25 жастағы боксшымыз 2013 жылы әлем чемпионы атағын жеңіп алды. Сонымен қатар 2010 жылы және 2014 жылы Азия ойындарының жеңімпазы, халықаралық санаттағы спорт шебері. Данияр Батыс Қазақстан облысының тумасы, қазіргі уақытта Астанада әкесі Марат Елеусіновтің қол астында жаттығады. 1/8 финалда Данияр британдық боксшы Джошуа Келлиден басым түскен еді. Данияр 2012 жылғы Лондон Олимпиадасына қатысқан. Рио оның спорттық мансабындағы екінші Олимпиадасы.  src=

 Ақпарат көзі: ҚазАқпарат

 

Ұқсас жаңалықтар