Бiлiм басқармасы Whatsapp-пен жиналыс өткiзiп, Facebook арқылы сұрақтарға жауап бередi

Бiлiм басқармасы Whatsapp-пен жиналыс өткiзiп, Facebook арқылы сұрақтарға жауап бередi
ашық дереккөз
Бiлiм басқармасы Whatsapp-пен жиналыс өткiзiп, Facebook арқылы сұрақтарға жауап бередi

Астана қаласының Бiлiм басқармасы Whatsapp-пен жиналыс өткiзiп, Facebook арқылы кез-келген сұраққа жедел жауап бередi. Бұл туралы басқарма басшысы Қасымхан Сенғазыев BNews.kz порталындағы онлайн-конференция барысында мәлiмдедi, деп хабарлайды BNews.kz тiлшiсi.

«Өткен аптада мен Facebook желiсiндегi жеке парақшамда Online-блогты iске қостым. Қазiргi уақытқа дейiн оған бiлiм саласындағы түрлi проблемасын айтып 30 жуық ата-ана хабарласты. Олар көбiнесе балабақша, мектеп, колледж, қосымша бiлiм беру ұйымдарына қатысты сұрақтарын жолдады. Мен оларға өзiм жауап беруге тырысамын. Бұл қағазбастылықты азайтады. Жауап 15 минуттан бастап 1 сағатқа дейiн, ұзақ дегенде 2 күнде берiледi. Сондай-ақ, «Столичное образование #bilimastana» тобында бөлiм басшылары, балабақша меңгерушiлерi, мектеп директорлары мен оқу iсiнiң меңгерушiлер бар. Кейде олар өз жұмыстарына қатысты сұрақтарға өздерi жауап бередi», - дедi басқарма басшысы. Оның айтуынша, білім басқармасы қазіргі заманғы жаңашылдықтарды толығымен пайдалануға тырысады.  Мәселен, қазіргі таңда елордалық мектеп директорларының жиналысы WhatsApp арқылы Online өтедi. Заманауи әдiс басшыларға ескертулер мен тапсырмаларды жылдам жеткiзуге мүмкiндiк бередi. Дегенмен, директорлар  айына бiрнеше рет жиналып, өзектi мәселелердi талқылайды.

 

 Ақпарат көзі: BNews.kz

Ұқсас жаңалықтар