Рио-2016: Ең әдемі форма – Қазақстан спортшыларында

Рио-2016: Ең әдемі форма – Қазақстан спортшыларында
ашық дереккөз
Рио-2016: Ең әдемі форма – Қазақстан спортшыларында

Рио Олимпиадасында қазақстандық спортшылардың киімі «ең әдемі» деген атқа ие болды. Ресейлік «Боец» телеарнасының журналисі қазақстандықтардың спорттық киімін осылай бағалады.

Бұдан бөлек, журналистің пікірінше, Рио-2016 Олимпиадасындағы ең жарқын жанкүйерлер қазақстандықтар екен. «Бұдан асқан керемет жанкүйер мен бұдан асқан әдемі спорттық киімді басқа ешкімнен көрмедім. Меніңше, спортшыларды қолдау мәселесіне келгенде қазақстандық делегация ең ұйымшыл», – деп мәлімдеді ресейлік журналист. Естеріңізге сала кетейік, Олимпиадада спортшылар киіп шыққан спорттық форма екінші рет әзірленген киім болатын. Себебі алғашқысы қазақстандықтардың тарапынан қатал сынға ұшыраған.

Ақпарат көзі: Stan.kz

Ұқсас жаңалықтар