Алмат Кебіспаев Олимпиада ойындарын жүлдесіз аяқтады

Алмат Кебіспаев Олимпиада ойындарын жүлдесіз аяқтады
ашық дереккөз
Алмат Кебіспаев Олимпиада ойындарын жүлдесіз аяқтады
Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында грек-рим күресінен сынға түсіп жатқан балуанымыз Алмат Кебіспаев Олимпиада ойындарын жүлдесіз аяқтады, деп хабарлайды Риодағы ҚазАқпарат тілшісі. Ол жұбаныш белдесуінде бірінші алты дүркін әлем чемпионын, бір дүркін Олимпиада чемпионын ұтып, мадальға жақындай түскен болатын. Өкінішке қарай қола медаль үшін соңғы шешуші сында норвегиялық балуаннан ұтылып қалды. Осылайша ол Рио Олимпиадасын жүлдесіз аяқтады. Айта кетейік, Алмат Кебісбаев алғашқы іріктеу сындарында бірінші Грузия балуаны Зураб Датунашвилиді 2:0 есебімен жеңген болатын. Алайда екінші белдесуінде, яғни 1/8 финал бойынша сайыста ол жапон балуаны Шинобу Отадан 6:0 есебімен жеңіліп қалған болатын. Бұл сайыста жапониялық балуан Шинобу Ота финалға шығып, нәтижесінде одан жеңілгендердің жұбаныш белдесуіне мүмкіндік алған еді. Ал бүгін тағы бір грек-рим күресінен 75 келі салмақта сынға түскен Досжан Картіков та ширек финалдан өте алмай жарыс жолын медальсыз аяқтаған еді. Естеріңізге сала кетейік. Қазақстан Рио-де-Жанейро қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында жалпы есепте 2 алтын, 2 күміс, 3 қола медальмен 16-орында келеді.

Ақпарат көзі: ҚазАқпарат

Ұқсас жаңалықтар