РИО-2016: Әділбек Ниязымбетов жартылай финалға шықты

РИО-2016: Әділбек Ниязымбетов жартылай финалға шықты
ашық дереккөз
РИО-2016: Әділбек Ниязымбетов жартылай финалға шықты
Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында бүгін шаршы алаңға шыққан 81 келідегі Әділбек Ниязымбетов әзербайжандық Теймур Мамедовты ұтып, жартылай финалға шықты, деп хабарлайды Риодағы ҚазАқпарат тілшісі. Бүгін Әділбек өте керемет жұдырықтасты. Бірінші раундтан-ақ тізгінді өз қолына алыды. Екінші раундта қарсыласы Теймур Мамедов шабуылға көшіп, жеңіске тырысып көрді. Алайда, жерлесіміз сауатты қорғанып, қарсы шабуылдар ұйымдастырды. Ал шешуші раундта тағы да Әділбек бастапқы жүрісінен жаңылмай, жеңісті жұлып алды. Есеп 3:0. Осылайша, Рио олимпиадасының жартылай финалына жолдама алды. Енді Әділбек Ниязымбетовты жартылай финалда ұлыбританиялық Джошуа Буатсимен жекпе-жек күтіп тұр. Бұл боксшылар арасындағы кездесу 17 тамызда өтеді. Әділбек бұған дейін 1/8 финалда Беларусь боксшысы Михаил Долголевецты оңай жеңген болатын. Естеріңізге сала кетейік, Қайрат Ералиев, Біржан Жақыпов, Берік Әбдірахманов, Абылайхан Жүсіпов жарыс жолынан шығып қалды. Енді жарыс жолында алты боксшымыз қалды.  src=  src=

Ұқсас жаңалықтар