Грек-рим күресіне деген махаббатым мені Риоға алып бара жатыр - Нұрбақыт Теңізбаев

Грек-рим күресіне деген махаббатым мені Риоға алып бара жатыр - Нұрбақыт Теңізбаев
ашық дереккөз
Грек-рим күресіне деген махаббатым мені Риоға алып бара жатыр - Нұрбақыт Теңізбаев
Грек-рим күресінен Бейжің олимпиадасының жүлдегері Нұрбақыт Теңізбаев Риоға қазақ спортшыларын қолдау үшін арнайы жолға шықты, деп хабарлайды Риодағы ҚазАқпарат тілшісі. Бүгін Бейжің олимпиадасының қола жүлдегері Нұрбақыт Теңізбаев Риоға қазақ спортшыларын қолдау үшін арнайы жолға шықты. Ол өзінің фейсбуктегі жеке парақшасына суретін салып, «Рионың боз кілемінде өнер көрсететін балуандарымызға қолдау көрсетейік деп бізде Бразилияға жол тарттық», деп жазды. Осыдан кейін белгілі балуанға әлеуметтік желі арқылы хабарластық. Ол біздің сауалымызға жауап берді. «Бүгін Риоға бет алдым. Бұйырса, ертең жетіп қалармын. Мен осыған дейінгі жеңімпаз және жүлдегер атанған барлық спортшыларды жеңісімен құттықтаймын. Олардың жеңісі қазақ елінің жеңісі», - деді Н.Теңізбаев. Сондай-ақ, ол грек-рим күресінен ел намысын қорғайтын балуандарға ерекше үміт артатынын, соларға қолдау көрсету үшін келе жатқанын ашып айтты. «Қай спорт түрі болмасын, қазақ спортшылары медаль алып жатса, одан артық қуаныш жоқ. Мен барлық қазақ спортшыларына жанкүйермін. Десе де, грек-рим күресіне деген махаббатым мені Риоға алып бара жатыр», - дейді грек-рим күресінен Бейжің Олимпиадасының қола жүлдегері Нұрбақыт Теңізбаев.

Ақпарат көзі: ҚазАқпарат

Ұқсас жаңалықтар