Үш жылда ЭКСПО-2017 көрмесіне бюджеттен 433 млрд теңге жұмсалған

Үш жылда ЭКСПО-2017 көрмесіне бюджеттен 433 млрд теңге жұмсалған
ашық дереккөз
Үш жылда ЭКСПО-2017 көрмесіне бюджеттен 433 млрд теңге жұмсалған

ЭКСПО-2017 көрмесіне үш жылда бюджеттен 433 млрд теңге жұмсалған. Бұл туралы forbes.kz сайты хабарлайды.

«ЭКСПО-2017» территориясы аумағындағы нысандар құрылысын қаржыландыруға зейнетақы ақшасы қосылатыны туралы ақпараттан  көрме шығыны тағы да арта түсетінін көруге болады. 2012 жылдың соңында ҚР Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы Рапиль Жошыбаевкөрмеге кететін жалпы шығын 1 млрд еуроны құрайтынын және оның тек төрттен бір бөлігі ғана мемлекеттік инвестиция болатынын (шамамен 47 млрд теңге) мәлімдеген болатын. Ал 2013 жылы республикалық бюджеттен «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясына 20 млрд теңге бөлінген. Бұл жоспарланған мемлекеттік шығындардың жартысына тең. Алайда көп уақыт өтпей жалпы шығындар сомасы мен мемлекеттік салымдардың төмендетілгені белгілі болды. 2013 жылдың күзінде бұрынғы Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев 2014-2016 жылға арналған мемлекеттік бюджеттен ЭКСПО-2017-ге 187,3 млрд теңге бөлінгенін хабарлады. Оның 49,3 млрды 2014 жылға арналған. Осылайша тек қана бюджеттік шығынның өзі 2013 жылғы сомадан және бастапқы кезде жоспарланған көрме құнынан асып кетті. Бұл тек басы ғана. Бұдан соң бюджет бойынша қайта реттеу болып, қаржыландыру 2014 жылы45,5 млрд, 2015 жылы 154 млрд, 2016 жылы 233,5 млрд теңгені құрады. Үш жылдың есебі бойынша барлығы 433 млрд теңгені құрады. Бұл жоспарланған бюджет шығынынан 2,3 есеге жоғары және мұны теңге құнының әлсіреуімен байланыстыруға келмейді. Сондай-ақ, 2017 жылға арналған республикалық бюджеттен ЭКСПО дайындығына тағы да 97,5 млрд теңге бөлінгенін қосамыз. Сондықтан 530,5 млрд теңге көлеміндегі сома тек республикалық бюджеттен Ұлттық компанияға берілген минимум қаражат деуге болады.

 Ақпарат көзі: 7 KUN

Ұқсас жаңалықтар