Назарбаев Рахимов пен Баландинді Риода алтын медаль алуымен құттықтады

Назарбаев Рахимов пен Баландинді Риода алтын медаль алуымен құттықтады
ашық дереккөз
Назарбаев Рахимов пен Баландинді Риода алтын медаль алуымен құттықтады
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ауыратлет Нижат Рахимов пен жүзуші Дмитрий Баландинды Риодағы Олимпиада ойындарындағы бірінші алтын медальдарымен құттықтады, - деп хабарлайдыTengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. "Қазақстандықтар сенің өнеріңді зор қызығушылықпен және үлкен үмітпен тамашалады. Сен олардың үмітін толық ақтадың. Жоғары спорттық шеберлігің, жанкештілігің мен асқан ерік-жігерің саған қиын күресте мықты қарсыластарды жеңіп шығып, Қазақстанның олимпиадалық командасына алғашқы алтын медальді әперуге көмектесті. Сенің жеңісің елдің жас спортшылары үшін лайықты үлгі болары анық", - делінген Рахимовқа жолданған жеделхатта. "Сенің жарқын жеңісің қазақстандықтарға зор қуаныш сыйлады. Даңқты қарсыластармен жанкешті және қиын сайыста жеңіп алған алтын медаль - сенің жоғары шеберлігіңнің, мақсатқа талпынуыңның, ерік күшің мен қайрат-жігеріңнің көрсеткіші. Сенің теңдессіз табысың Қазақстан спортының шежіресінде мәңгілік қалады", - деп құттықтады Мемлекет басшысы Банландинді. Еске салайық, Нижат Рахимов екі жаттығудың қорытындысы бойынша 379 келі нәтижемен Олимпиада чемпионы атанды. Ал серпе көтеруде әлем рекордын жаңартты. Ал Баландин 2:07.46 уақыт нәтижесімен финалда сенсация жасап, Қазақстан тарихында жүзу спортынан тұңғыш рет Олимпиада чемпионы атанып отыр.

Ақпарат көзі:Kaz.tengrinews.kz 

Ұқсас жаңалықтар