Енді WhatsApp мобильдік қосымшасының көмегімен жұмыс табуға болады

Енді WhatsApp мобильдік қосымшасының көмегімен жұмыс табуға болады
ашық дереккөз
Енді WhatsApp мобильдік қосымшасының көмегімен жұмыс табуға болады

Қарағандыда WhatsApp мобильдік қосымшасының көмегімен жұмыс табуға болады. Екі күн бұрын іске қосылған жаңа жоба арқылы 200-ден астам адам өзіне қажет ақпаратты алып үлгерген. «Халықты жұмыспен қамту орталығына» күніне 100-ден астам адам келеді екен. Енді қала тұрғындары үйлерінен шықпай-ақ көпшілікке белгілі қосымша арқылы жаңа жұмыс орны туралы мәлімет алып отырады. Қазір қалада 900-ден астам бос орын бар. Шаһардағы 150-ге жуық кәсіпорын өзіне жұмысшылар іздейді. Айта кетейік, жыл басынан бері халықты жұмыспен қамту орталығының қызметіне 7500 адам жүгініп, олардың 82 пайызы тұрақты және уақытша жұмыс орындарымен қамтамасыз етілді. Кәмила Ержанова, қала тұрғыны: - Маған WhatsApp арқылы хабарлама келіп түсті, сол арқылы мен бос жұмыс орындары туралы ақпарат алдым. Бүгін «Жұмыспен қамту орталығына» келіп, ертеңнен бастап жұмысқа кірісемін. Қазір жастардың барлығында ұялы телефон бар, сондықтан мұндай ақпараттар алып отырған өте қолайлы.  Ақпарат көзі: www.24.kz 

Ұқсас жаңалықтар