Темекі тұқылын сусынға айырбастауға болады

Темекі тұқылын сусынға айырбастауға болады
ашық дереккөз
Темекі тұқылын сусынға айырбастауға болады
Каталониядағы барлардың бірі «Жағажайды тазала, табиғатты аяла» атты шараны қолға алды.
 Бұл акция аясында жағажайдан темекі тұқылдарын теріп келген адам онысын Tibu-Ron атты барға апарып, газдалған сусынға айырбастай алады. Tibu-Ron қарайтын компания арнайы парақша шығарып таратты. Парақшада небәрі бір ғана тұқылдың 3 литр теңіз суын улайтыны туралы айтылған. Тұқылда бірден емес, жатып-жатып, 5 тіпті 20 жылдан кейін әсер ететін улы заттар болады екен. Ал сол кезге дейін көк айдынды мекендеуші балықтар мен өзге де тіршілік иесі бұл тұқылдарды жеуге жарамды нәрсе деп ойлап, жұтып қоюлары мүмкін. «Құмға «басы» тығылған бір тұқылдан табиғатқа еш зиян келмейді» деп ойлау – бұл қате түсінік», – дейді шараны ұйымдастырушылар. El Periódico хабарлауынша, бұл идея әсіресе балалар мен испан жеріне аяқ басқан шетелдіктердің көңілінен шығыпты.

Ақпарат көзі: Baq.kz

Ұқсас жаңалықтар