«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Астанада Рақымжан Қошқарбаевтың ескерткіші орнатылды

Астанада Рақымжан Қошқарбаевтың ескерткіші орнатылды
ашық дереккөз
Астанада Рақымжан Қошқарбаевтың ескерткіші орнатылды
Бауыржан Момышұлы мен Сарайшық көшелерінің қиылысында орнатылған ескерткіштің маңайында абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сол жерде жұмыс істеп жатқан адамдардың айтуынша, Рақымжан Қошқарбаевтың ескерткішін ресми түрде ашу салтанаты тамыздың 13-і, я болмаса, 25-сінде өтеді. Бәрі абаттандыру және ұйымдастыру жұмыстарына байланысты, деп хабарлайды Baq.kzтілшісі.
 Айта кетейік, өткен жылы қала әкімдігі қаржы мәселелеріне байланысты Рақымжан Қошқарбаевтың ескерткішін орнату жұмыстарын кейінге шегерген болатын. Бас кезінде оны 2015 жылы Қошқарбаев пен Тәуелсіздік көшелерінің қиылысында ашу жоспарлаған. Жобасы да басқаша болды.
 src= Алайда артынан Халық қаһарманы, Ұлы Отан соғысы кезінде Рейхстагқа бірінші болып ту тіккен сержант Рақымжан Қошқарбаевтың жеке мүсінін құйып, бөлек ескерткіш болып орнату туралы шешім қабылданған көрінеді. Жолдың қарсы жақ бетінде Кеңес одағының батыры, жазушы, даңқты қолбасшы Бауыржан Момышұлының ескерткіші тұр.  src= Айта кеткен жөн, көп уақыт бойы Рейхстагқа ту тіккен кіші сержант Кантария екен деген пікір басым болды. Бірақ шын мәнісінде бәрі басқаша болғаны бәрімізге мәлім. Рейхстаг шабуылы кезінде 20-дан астам ту тігілген. Олардың ішінен ең алғашқылары қазақ Рақымжан Қошқарбаев және Григорий Булатов еді. 150-ші атқыштар дивизиясының соғыс қимылдары журналына сәйкес, 30 сәуір 1945 жылы сағат 14:25 кезінде лейтенант Қошқарбаев пен қатардағы жауынгер Булатов «жер бауырлап ғимараттың орталық бөлігіне келіп, бас кіреберістің сатысына қызыл туды орнатты». Бұл кезде рейхстаг үшін күрестің ең қызып жатқан кезі еді.  src= Туды орнатуды Қошқарбаевтың өзі былай сипаттайды: «Комбат Давыдов мені терезе қасына шақырды. «Көрдің бе, -дейді, - Рейсхстагты? Керекті адамдарды таңда, туды тігетін боласындар». Сосын маған сырты оралған, ауыр салмақты матаны берді. Бұл – қара қағазға оралған ту еді. Бір топ барлаушылармен терезеден шықтық. Біраз уақыттан кейін бәрімізге жерге жата қалуға тура келді. Атыс үдей түсті. Қасымда тек бір-ақ жауынгер қалды. Ол Григорий Булатов болған. «Біз не істейміз, жолдас лейтенант?»,-деп сұрай берді. Біз екеуіміз суға толы шұңқыр қасында жаттық. «Туда өз тегілерімізді жазып қояйық»,-деп ұсындым. Содан соң химиялық қарандашпен: «674 полк, 1 ботальон» сөздерін жаздық. Қасына өз аттарымызды қостық: «лейтенант Қошқарбаев, жауынгер Булатов». Сол жерде қараңғы батқанға дейін жатуға тура келді. Сосын артиллерия соққы жасай бастады. Осы сәтте Рейхстагқа қарай жүгірдік. Құрылысқа жеткен кезде мен Булатовты көтердім, оның бойы екінші қабатқа жетті. Екінші қабат деңгейінде туды орнаттық...». Қошқарбаевтың айтуы бойынша Рейхстаг алдындағы ашық 270 метрлік алаңды жер бауырлап өту үшін 7 сағат кетті. Рақымжан Қошқарбаев жолдасының естелігі бойынша: «Ол сонда жеткен кезде, немістер ғимараттың жертөлесі мен жоғарғы қабаттарында болған. Рақымжан туды ілген кезде жауынгерлер рухтанып, «Ура!»,-деп шабуылға шықты. Осыдан кейін Рейхстаг құлайтыны анық болды».  src= «Рейхстагтың дәл кіреберісіне Қошқарбаев пен Булатов орнатқан полктік ту жай ғана қызыл матаға ұқсас еді. Кейін Қызыл Әскер Рейхстагқа шабуылын үдете түскен сәтте осындай тулар жан-жақтан орнатыла бастады. Бірақ туды Қошқарбаев пен Булатов орнатқанын барлық командирлер де, маршал Жуков та білетін. Алайда ресми Жеңіс Туын көтеру рәсіміне олар қатыстырылмады. Аталған ту соғыс қималдары аяқталғаннан кейін, 2 мамыр күні тігілді. Басшылықтың ұйғарымы бойынша туды орнатуға Кантария мен Егеров бекітілді. Ал алғаш болып туды тіккендер бұл категорияға кірмей қалды»,-дейді Жанаев. Тарихта Егеров пен Кантария аттары алғашқы ту тігушілер болып қалды. Оларды таңдау астарында идеологиялық себептер болған.

Ұқсас жаңалықтар