Конференцияға зертханалық диагностика саласының жетекші мамандары қатысып, Қазақстан және өңірдегі осы саладағы өзекті мәселелер мен даму перспективаларын талқылады. Аурухананың бас дәрігері Марат Жұманқұлов конференцияны ашып, Қазақстанның 2026 жылға дейінгі денсаулық сақтау саласын дамыту концепциясы аясында зертханалық қызметті модернизациялаудың маңыздылығын атап өтті. Ол зертханалық қызметті орталықтандыру, автоматтандыру және халықаралық стандарттар бойынша аккредиттеу жұмыстарын жүргізудің қажеттілігіне тоқталды. Облыс әкімдігі денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ерік Мұсабаев зертханалық диагностиканың медициналық көмек көрсету жүйесіндегі басты рөлін ерекше атап өтіп, жергілікті мамандардың біліктілігін арттыруға қосқан үлесі үшін сарапшыларға алғыс білдірді.
«Қазақстан Республикасында зертханалық диагностика саласындағы өзекті мәселелер» тақырыбында баяндама жасаған Лабораторлық медицина федерациясының президенті Жанар Сүлейменова еліміздегі зертханалық диагностика саласының қазіргі ахуалы мен болашақтағы даму мүмкіндіктерін жан-жақты жеткізді. Ал, «Зертханалық диагностикадағы экспресс-тесттердің болашағы» тақырыбында сөз сөйлеген Лабораторлық медицина федерациясының Клиникалық зертханалық диагностика басқармасының жетекшісі Ирина Янковская экспресс-тесттердің клиникалық тәжірибеде қолданылуындағы маңыздылығын және олардың нәтижелерін дұрыс интерпретациялау қажеттігін атап өтті.
Облыстың бас зертханалық дәрігері Мака Маглаперидзе «Жамбыл облысындағы зертханалық қызметтің қазіргі жағдайы» туралы баяндап, өңірдегі зертханалық қызметті жетілдіруге арналған іс-шаралар жөнінде егжей-тегжейлі мәлімет берді. «Медилэнд» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қолдау бөлімінің менеджері Анна Илиева «Қазіргі клинико-диагностикалық зертханалардағы гемостаз жүйесі» тақырыбында мәлімдеме жасап, зерттеулер нәтижелерін дұрыс диагностикалау және интерпретациялау маңыздылығын атады.
Конференция соңында модератор қатысушыларға тәжірибе алмастырғандары үшін алғыс айтып, сапалы білім мен жаңа практикалық ұсыныстар өңірдегі зертханалық диагностика саласының дамуына пайдалы болатынына сенім білдірді. Бұл конференция Қазақстандағы зертханалық диагностика саласындағы өзекті мәселелерді талқылап, оны жетілдіру бойынша стратегияларды әзірлеуге бағытталған маңызды алаңға айналды. Сонымен қатар, клинико-диагностикалық зертханалар саласындағы мамандар арасындағы кәсіби байланыстарды нығайтып, тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді.
Қамар ҚАРАСАЕВА
Ұқсас жаңалықтар
Қауіпті дерттің алдын алу маңызды
- 2 желтоқсан, 2024
Қан қысымының көтерілуі неден пайда болады?
- 26 қараша, 2024
Ақпарат
Қаратау қаласында биыл 17 балалар ойын алаңшасы ел игілігіне берілді
- 6 желтоқсан, 2024
«Әйелдер көшбасшылығы» тақырыбында семинар өтті
- 28 қараша, 2024
Адвокаттық сауалдан бас тартудың салдары қандай?
- 26 қараша, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді