«АЭС туралы сөз болғанда мынадай жағдайларға, мысалдарға тоқтамай кетпесе болмас. Мәселен, Францияда да жақын арада алты реактор салынбақ. Бұл елде атом энергетикасын дамыту 100 мыңға дейін жұмыс орнын құруға жол ашады. Ядролық энергия өндіруден көшбасшы саналатын Францияда қазір 50-ден аса реактор жұмыс істеп тұр. Жақын жылдары тағы алтауының құрылысы басталады дедік қой, соған 100 мыңға жуық адам жұмылдырылмақ. Жалпы алғанда, атом электр стансасын салу және пайдалану мынадай игіліктерді туындатады екен. Тікелей және аралас салаларда бірнеше мың жұмыс орны ашылады, ауаға таралатын зиянды зат мөлшері азаяды, электр энергиясы бұрынғыдан да қолжетімді бола түседі, әлеуметтік лифт күшейеді, реактор маңайындағы елді мекендердің инфрақұрылымы жақсара түседі.
Сала сарапшыларының сөзінен ұққанымыз, ядролық реактор көмегімен аз отын шығындай отырып көп энергия алуға, тұтынуға болады. Бұл – тиімді әрі экономикалық тұрғыдан пайдалы.
Егер жеткілікті қуаттылықпен АЭС тұрғызар болсақ өз қажеттілігімізді жауып, тіпті АЭС-і жоқ көрші елдерге экспорттай да аламыз. Қуаттылық бойынша да, электр энергиясының бағасы бойынша да тұрақты бола түсеміз», - делінген жазбада.
Ұқсас жаңалықтар
Жамбылда «Адалдық сағаты» аясында кездесулер өтті
- 15 қазан, 2024
Жаңатас қаласындағы төтенше жағдай салдары толығымен жойылды
- 15 қазан, 2024
Ақпарат
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Қазір қолдағы телефонға да қуат керек заман - Қадырбеков
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді