Кәсіпкер Қайрат Молдасейітов ауылына спорт кешенін салып беретін болды
Қаракемер ауылының тумасы, Оңтүстік Қазақстан облысындағы «Отау құрылыс» компаниясының президенті Қайрат Молдасейітов екі жыл бұрын туған ауылында бауырларымен бірге еңселі мешіт және балабақша салдырып, жерлестеріне тарту еткен еді.
Ә. Нүсіпбаев атындағы орта мектепті бітіргендеріне 30 жыл толған Қайрат туған ауылға сыныптастарымен арнайы атбасын бұрып, соңғы қоңырау салтанатына қатысты. Отыз жыл бұрынғы түлектер арасынан шыққан Атымтай-жомарт азаматқа жерлестері сүйсіне қарады. Салтанатты шарада аудан әкімі Қайрат Досаев ауылдық білім ошағының жас ұрпақты тәрбиелеудегі жетістіктері мен бүгінде кең байтақ қазақ елінің түкпір-түкпірінде әр салада еңбек етіп жүрген түлектерін бүгінгі жас желкен-ге үлгі ете сөйледі.
Жерлес бизнесмен мектеп бітірген 30 жылдық салтанаттарына басты тарту ретінде мектеп жанынан бүтіндей ауылға арнап үлкен спорт кешенін салатынын мәлім етіп, құрылыс жүргізілетін орынға құрылыстың белгісін қойды. Спорт кешенінде қаракемерлік жастар бокс, күрес, волейбол, футбол, тағы басқа спорттың бірнеше түрімен шұғылданатын болады. Келесі жылы
қараша айында пайдалануға беру көзделген спорт нысанында шұғылданатын жас спортшылар әлі-ақ ауылдың ғана емес, ауданның, тіпті облыстың атын шығарады деп сенеміз.
Қордай ауданы.
Амангелді ӘБІЛ, «Ақ жол».
Суреттерді түсірген Алтынбек ҚАРТАБАЙ.
Ұқсас жаңалықтар
Әйгерім Сәттібаеваны жамбылдықтар құрметпен күтіп алды
- 25 қазан, 2025
Қазақтың туы болған Қосы батыр
- 21 қазан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




