Олимпиада ойындарының жүлдегері атанған Таиланд спортшысының әжесі жарысты тамашалап отырған кезде бақилық болды

Олимпиада ойындарының жүлдегері атанған Таиланд спортшысының әжесі жарысты тамашалап отырған кезде бақилық болды
ашық дереккөз
Олимпиада ойындарының жүлдегері атанған Таиланд спортшысының әжесі жарысты тамашалап отырған кезде бақилық болды
56 келі салмақ дәрежесінде Рио-де- Жанейродағы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері атанған Таиланд ауыр атлеті  Синпхета Круаитонгтың әжесі немересі қатысқан жарысты тамашалап отырған кезде бақилық болды. Бұл туралы The Phuket News хабарлады. Зілтеміршінің ата-анасының үйінде Круаитонгтің туыстары мен достары спортшыға жанкүйер болу үшін жиылған, деп жазды lenta.ru. Телетрансляцияны тамашалау кезінде 82 жастағы Субин Кхонгтхаптың денсаулығы сыр берген.  Кейуананы ауруханаға жеткізді, онда дәрігерлер қарттың көз жұмғанын айтты. Алдын ала мәліметтерге қарағанда, оған инсульт себеп болған. Кхонгтхап туыстары оның немересінің медальға қол жеткізгенін көріп үлгермегенін хабарлады. Жарыс жексенбі күні, 7 тамызда өтті. Қытайлық Лун Циньцюань Олимпиада чемпионы атанды, күміс жүлдеге КХДР өкілі Ом Юн Чхоль ие болды.

Ақпарат көзі:ҚазАқпарат

Ұқсас жаңалықтар