Спорт және туризм
Елдос Сметов Рио Олимпиадасында күміс медальді місе тұтты
- author «Ақ жол»
- 7 тамыз, 2016
- 709
Елдос Сметов Рио Олимпиадасында күміс медальді місе тұтты
Қазақстандық дзюдошы Елдос Сметов Рио Олимпиадасында күміс медальді місе тұтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ақтық сында Сметов ресейлік Беслан Мудрановпен белдесті. Негізгі төрт минут уақытта екі палуан да сақ болды. Ескерту де, ұпай да берілмеген еді. Алайда, қосымша уақыт басталғанда ресейлік спортшы басымдығын байқатты.
Айта кетейік, Қазақстан тарихында Олимпиадада ешкім алтын медаль алмаған.
Ақтық сынға шығу үшін отандасымыз Әзірбайжан спортшысы Орхан Сафаровпен белдескен еді. Сметов үш ескертуі болса да, 10 ұпаймен жеңіске жетті. Ал оның алдында ол 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ұлыбританиялық Эшли Маккензиді "юко" әдісімен жеңген еді. Ал бірінші айналымда дзюдошы Ливия өкілі Мұхамед Элькависадан басым түскен болатын.
Ұқсас жаңалықтар
Шу ауданында 305 спорт нысаны жұмыс істейді
- 28 сәуір, 2026
Шу ауданында жаңа спорт кешені ашылды
- 22 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




