Спорт және туризм
Рио-2016: Елдос Сметов жартылай финалда Орхан Сафаровпен кездеседі
- author «Ақ жол»
- 6 тамыз, 2016
- 707
Рио-2016: Елдос Сметов жартылай финалда Орхан Сафаровпен кездеседі
Қазақстандық дзюдошы Елдос Сметов Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарының жартылай финалында татамиде әзербайжандық Орхан Ильхам оғлы Сафаровпен кездеседі, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл сайыс 7 тамызда түнгі сағат 01.19-да (Астана уақытымен) өтеді.
Еске сала кетейік, 60 келі салмақ санатындағы Сметов жартылай финалда өзінің қарсыласы - өзбек спортшысы Диербек Урозбоевтен басым түсті. Бұл жеңіс қосымша уақыт кезінде есепке алынды. Бұдан бұрын Елдос ливиялық Мұхамед Элькависті және британдық Эшли Маккензиді жеңіп жартылай финалға өткен болатын.
Елдос Сметов - қазақстандық дзюдошы, халықаралық дәрежедегі Қазақстанның спорт шебері, 2015 жылғы әлем чемпионы, 2010 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионы, 2013 жылғы Азия чемпионатының қола жүлдегері. Ол 1992 жылы 9 қыркүйекте Таразда дүниеге келген.
Ақпарат көзі :ҚазАқпарат
Ұқсас жаңалықтар
Шу ауданында 305 спорт нысаны жұмыс істейді
- 28 сәуір, 2026
Шу ауданында жаңа спорт кешені ашылды
- 22 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




