«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Зиянды «көлдер» көбейіп кетті

Зиянды «көлдер» көбейіп кетті
ашық дереккөз
Зиянды «көлдер» көбейіп кетті

Елімізде моноқалаларды өркендету, шағын және орта бизнесті дамытуға ерекше көңіл бөлініп отыр. Бұл бағытта ауданымызда да сан салалы мемлекеттік бағдарламалар бойынша жарқын істер жалғасын табуда. Қала мен ауылдарымызды көркейтуде қоршаған ортаға, табиғатқа көңіл бөлу аса маңызды. Өйткені, табиғатсыз тіршілік жоқ. «Сулы жер – нулы жер» дейді дана халқымыз. Осы орайда айтпағым, Ақбұлақ, Текебай, Тоғызбай бұлақтарының бүгінгі жай-күйі мәз емес. Неге? Оған себеп – қаламыздың іргесіндегі қазба жұмыстарының талапқа сай жүрмеуінде. Кен орындарынан қалған ойдым-ойдым шұңқырларға жерасты суы жиналып, көтерілген. Ағынды су болмаған соң ол ластанады. Әсіресе, жаз айларының ыстық күндерінде иістеніп, бүлінеді. Ол қоршаған ортаға өз залалын тигізеді. Экологиялық тәртіп бойынша қазба жұмыстарынан кейін не істеу керек? Әрине, шұңқырлар орнын толтыру, бітеу, тегістеу міндетті іс. Сонда ғана бұлақ суы кез-келген жерлерде көтерілмейді. Және де табиғат бүлінбейді, ауа ластанбайды. Қазіргі таңда Орталық, Оңтүстік-Шығыс, Көкжон, Көксу кендері маңайында тереңдігі 45-50 метр, көлемі шағын ауылдай көлдер пайда болды. Бұл көлдердің қоршаған ортаға, адамға, малға ешқандай пайдасы жоқ. Яғни, жерасты бұлақ көздерінің суы түкке аспай иіріліп, ластанып тұр. Осы мәселеге көңіл аударылып, зиянды көлшіктерді жою қолға алынса екен деген ұсынысым бар.

Тұрдыхан Сұлтанбеков, кәсіпкер.

Сарысу ауданы.

Ұқсас жаңалықтар