«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

БАҚ: 40-қа жуық мемлекет пен үкімет басшылары Олимпиаданың ашылу салтанатына қатысады

БАҚ: 40-қа жуық мемлекет пен үкімет басшылары Олимпиаданың ашылу салтанатына қатысады
ашық дереккөз
БАҚ: 40-қа жуық мемлекет пен үкімет басшылары Олимпиаданың ашылу салтанатына қатысады
Бүгін Рио-де-Жанейродағы «Маракана» стадионында болатын Олимпиада ойындарының ашылу салтанатына 40-тан астам мемлекет және үкімет басшылары қатысады, деп хабарлайды ТАСС агенттігі. Бүгін Рио-де-Жанейродағы «Маракана» стадионында болатын Олимпиада ойындарының ашылу салтанатына 40-тан астам мемлекет және үкімет басшылары қатысады, деп хабарлайды ТАСС агенттігі. Өз кезегінде Бразилия сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі «Қауіпсіздікті сақтау мақсатында Олимпиада ашылуына келетін әлемдік көшбасшылардың нақты саны мен аты-жөндерін ашық айтылмайды», - деген болатын. Шілде айының соңында Бразилия сыртқы істер министрі Жозе Серра журналистерге 45 мемлекет және үкімет басшысы Олимпиада ашылуына келетіндерін растады деп хабарлаған еді. Олардың арасында Франция мен Аргентина президенттері, Италия премьер-министрі бар. АҚШ атынан мемлекеттік хатшы келеді деп күтілуде, ол бүгін Бразилия СІМ басшысымен кездесу өткізеді. Серраның айтуынша, Бразилия президенті лауазымынан уақытша аластатылған Дилма Руссеффтің импичмент процесі әлемдік көшбасшылардың ашылу салтанатына қатысу шешіміне еш әсер еткен жоқ. «Импичменттің кесірінен қандай да бір басшының келмеуі, келуден бас тарту оқиғасы болған жоқ. Тіпті осы жайлы алып-қашпа сөздерді де естіген жоқпын», - деді мекеме басшысы. Бұған дейін Бразилия ақпарат құралдары елдегі саяси тұрақсыздықтан көптеген әлемдік көшбасшылар ашылу салтанатына қатысуды соңына дейін растамай отырғанын жазған еді. Оларға Д.Руссефф атынан шақыртулар жіберілді,  бірақ ресми түрде Бразилияны президент міндетін уақытша атқарушы Мишел Темер таныстыратын болады. Лондондағы жазғы Олимпиада ойындарының ашылуына 69 әлемдік көшбасшылар қатысқан. Сочиде өткен қысқы ойындарға келген президенттер саны елуден кем емес. 2016 жылғы XXXI жазғы Олимпиада ойындары 5-21 тамыз күндері Рио-де- Жанейрода өтеді. Бұл Оңтүстік Америкада өтетін алғашқы олимпиада. Паралимпиада бірнеше аптадан кейін, 7-18 қыркүйекте өтеді деп жоспарланған.

 Ақпарат көзі: ҚазАқпарат

Ұқсас жаңалықтар