Спорт және туризм
Қазақстандық спортшыларға Бразилияның ауа райы қатты ұнап тұр - Елсияр Қанағатов
- author «Ақ жол»
- 4 тамыз, 2016
- 660
Қазақстандық спортшыларға Бразилияның ауа райы қатты ұнап тұр - Елсияр Қанағатов
Қазақстандық спортшыларға Бразилияның ауа райы қатты ұнап тұр. Бұл туралы ҚазАқпарат ХАА тілшісіне ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Елсияр Қанағатов мәлім етті.
"Рионың ауа райы өте тамаша. Біз ыстық болады деп ойлаған едік. Спортшыларымыз келгелі күн салқын болды. Олимпиада ойындары біткенше осы ауа райы сақталса тіптен жақсы болар еді. Біздің спортшыларға да, өзімізге де осындай ауа райы ұнайды. Күн қатты ыстық болса спортшылардың жаттығуына, жарысқа қатысуына кері әсерін тигізері анық. Себебі, біз салқын елден келдік. Қазақстанда аса ыстық болмайды ғой", - деп атап өтті Қанағатов.
Бүгін Рио аспанын ала бұлт торлап, батыстан салқын самал соқты. Күн де қатты ыстық емес, 24 градусты көрсетіп тұр. Негізі бұл мезгіл бразилиялықтар үшін қысқы уақыт есептеледі екен.
Ақпарат көзі: ҚазАқпарат
Ұқсас жаңалықтар
Скандинавия жүрісі – салауатты өмірдің өзегі
- 11 наурыз, 2026
Ербол Хамитов – қысқы Паралимпиаданың қола жүлдегері
- 11 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




