Спорт және туризм
Олимпиада астанасында Қазақстанның көк байрағы көтерілді
- author «Ақ жол»
- 4 тамыз, 2016
- 766
Олимпиада астанасында Қазақстанның көк байрағы көтерілді
Бүгін ХХХІ Жазғы Олимпиада ойындарының астанасы Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында еліміздің көк туы көтерілді.
Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі Риодан хабарлады.
Қазақстаннан бөлек Испания мен Түркияның және Сейшель мен Чад мемлекеттерінің тулары да ілінді. Ұйымдастырушылар шағын іс-шараны мәдени концертке ұластырып, Бразилияның тарихынан сыр шертетін билерімен бес елдің спортшыларына өз өнерлерін паш етті.
Қазақстандық делегация атынан Мәдениет және спорт министрінің орынбасары Сәкен Мұсайбеков олимпиадалық қалашық басшысына естелік сый тарту етті.
Айта кетейік, 5 тамызда ХХХІ жазғы Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты, ал 21 тамызда Олимпиаданың жабылу рәсімі болады деп күтілуде. Қазақстан намысын қорғауға елімізден 104 спортшы аттанды.
Ақпарат көзі: ҚазАқпарат
Ұқсас жаңалықтар
Скандинавия жүрісі – салауатты өмірдің өзегі
- 11 наурыз, 2026
Ербол Хамитов – қысқы Паралимпиаданың қола жүлдегері
- 11 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




