
Спорт және туризм
Ақтөбелік боксшы Рио Олимпиадасында Әзірбайжан елінің намысын қорғайтын болды
- author «Ақ жол»
- 4 тамыз, 2016
- 762
Ақтөбелік боксшы Рио Олимпиадасында Әзірбайжан елінің намысын қорғайтын болды
Ақтөбе бокс мектебінің түлегі Камран Шахсыварлы Олимпиада лицензиясын иемдененіп, Бразилия жеріне аттанып кетті. Бірақ Рио-2016 ойындарында ол Қазақстанның емес, тарихи отаны Әзірбайжан елінің намысын қорғайды деп хабарлайды Aktobenews.kz.
Жеке бапкері Болат Арынғазиевтың айтуынша, Камранға Ақтөбе жерінде еш жағдай жасалмапты. Сол себепті жаттықтырушы оған Әзербайжан намысын қорғауға кеңес берген. Камран Шахсыварлы Әзірбайжан елінің ұлттық біріншілігін жеңіп алып, бірнеше халықаралық жарыстарда топ жарған.
Ал олимпиадалық жолдаманы лицензиялық турнирде жеңіп алған.
Естеріңізге салайық, тағы бір ақтөбелік боксшы Берік Әбдірахманов Олимпиада ойындарында Маңғыстау облысының атынан сыңға түседі. Ал Ақтөбе жерінің намысын бұл жарыста тувалық Артас Сана мен дүнген жігіт Фархат Харкилер қорғайды. Ақпарат көзі:: Nur.kz

Ұқсас жаңалықтар
Шу ауданында 305 спорт нысаны жұмыс істейді
- 28 сәуір, 2026
Шу ауданында жаңа спорт кешені ашылды
- 22 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




