Спорт және туризм
Астанада қазақстандық спортшылардың Рио Олимпиадасына қатысу кестесі бар парақтар таратылуда
- author «Ақ жол»
- 3 тамыз, 2016
- 484
Астанада қазақстандық спортшылардың Рио Олимпиадасына қатысу кестесі бар парақтар таратылуда
Астанада «Спортқа жақын бол! Еліміздің құрама командасын шашбауын көтер!» жобасының тұсауы кесілді.
Жоба аясында адамдардың көптеп жиналатын орындарында ақпараттық өнімдер үшін ақпараттық тақталарды орналастыру көзделуде. Онда қалада өткізілетін бұқаралық спорт шаралары туралы және қазақстандық спортшылардың олимпиадада қатысу бағдарламалары мен эфирдегі көрсетілімдердің уақыты көрсетілген парақшалар таратылмақ.
Мұндай тақталар «Керуен», «Хан Шатыр», «Мега», «Аружан», «Азия парк», ОУМ сауда орталықтары, «Аңсар», «Сапаржай» автовокзалы сияқты орындарда орнатылады. Әуежаймен келіссөздер аяқталып қалды. Кейін қалалық Халыққа қызмет көрсету орталықтарына қоюды жоспарлаудамыз», - деп атап өтті Оқу-әдістемелік орталығының директоры Ардақ Тулендин.
Жобаның екінші бағыты - халыққа қолжетімді және көп уақытты талап етпейтін денсаулыққа пайдалы жаттығулармен спорт түрлері туралы буклеттер орналастыру. Сонымен қатар бұл буклеттерде жаттығулардың ағзаға пайдасы немесе қолдануға болмайтын жағдайлар және тағы басқа туралы түсіндірмелер беріледі.
Олимпиада ойындары аяқталған кезде де жоба өзінің өзектілігін жоғалтпайды, дейді ұйымдастырушылар. Ол ақпараттық тақталарда Астанада болашақта болатын ірі спорттық шаралар туралы және олардың өтетін мерзімдері мен бағдарламасы жөніндегі мәліметтер орналастырылмақ.
Бұл жоба тек елордада қолға алынған. Ілкі жоба ретінде жыл соңына дейін жалғасады. Кейін ол жобаның республиканың басқа да өңірлеріне де енгізу жайы қаралады.
Ақпарат көзі: ҚазАқпарат
Ұқсас жаңалықтар
Әйгерім Сәттібаеваны жамбылдықтар құрметпен күтіп алды
- 25 қазан, 2025
Қазақтың туы болған Қосы батыр
- 21 қазан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




