Рио Олимпиадасының басталуына 3 күн қалды

Рио Олимпиадасының басталуына 3 күн қалды
ашық дереккөз
Рио Олимпиадасының басталуына 3 күн қалды

Жапаров пен Сметовтің сынға түсетін күні белгілі

Рио Олимпиадасында таэквондошыларымыз жарысты 17 тамызда бастайтын болды. Олимпиада ойындарында таэквондодан қазақ елінің намысын бір ер, екі әйел спортшы қорғайтыны мәлім. Ерлер сынында жамбылдық жампоз Руслан Жапаров, әйелдер арасындағы додада Айнұр Есбергенова мен Жансель Дениз көк туымызды биікте желбіретуге тырысып көрмек. 17 тамыз күні алғаш болып жекпе-жекке жергілікті уақытпен 09:00-де (Астана уақытымен – 18:00) әйелдер арасында 49 келі салмақта Айнұр Есбергенова шығады деп күтілуде. Финалдық бәсекелер 20:00-де (Астана уақытымен 18 тамыз – 05:00) басталатыны мәлім. 22_mainАрулар арасында топқа түсетін тағы бір таэквондошы Жансель Дениз 19 тамызда жергілікті уақытпен 09:00-де (Астана уақытымен 20.00-де) даянға шығады. Алғашқы іріктеу сайыстарынан сүрінбей өтсе, 20:00-де басталатын (Астана уақытымен 20 тамыз – 05:00) финалдық додада жүлдеге таласатын болады. Ал ерлер дуында ел намысын қорғайтын жамбылдық өрен Руслан Жапаров (+80 кг) 20 тамызда сағат 09:00-де (Астана уақытымен – 18:00) өз өнерін ортаға салады. Бұл салмақтың жеңімпаздары мен жүлдегерлері 20:00-де (Астана уақытымен 21 тамыз – 05:00) анықталатын болды. Олимпиада ойындарында дзюдошыларымыздың жарысқа шығатын күндері де нақтыланып отыр. Тамыздың 6-сы күні алғаш болып дзюдошыларымыздан жергілікті уақыт бойынша 10.00-де (Астана уақытымен 19.00-де) әйелдер арасында 48 келі салмақ дәрежесіндегі О. Галбадрах пен ерлер арасында қазақ елі үкілеп үміт артып отырған Е. Сметов татамиге шығады. Финал 15.30-да (Астана уақытымен 7 тамыз, 00.30-да). Жарыстың екінші күнінде сағат 10:00-де (Астана уақытымен 19.00-де) 66 келі салмақта Ж.Смағұлов өнер көрсетеді. Финал 15:30-да (Астана уақытымен 8 тамыз, 00.30-да) көрсетілмек. Тамыздың 8-і күні қазақстандық дзюдошылар үшін демалыс болса, 9 тамызда сағат 10:00-де (Астана уақытымен 19.00-де) 63 келі салмақтан әйелдер арасында М. Ордабаева татамиде бақ сынамақ. Финалдық бәсекелер 15:30-ға (Астана уақытымен 9 тамыз, 00.30-да) жоспарланған. 10 тамыз күні қазақ балуандары тынығады. Тамыздың 11-і күні сағат 10:00-де (Астана уақытымен 19.00-де) медальдан тағы бір үміткеріміз 100 келі салмақта М. Раков сынға түседі. Финалдық бәсекелер сағат 15:30-да (Астана уақытымен 12 тамыз, 00.30-да) басталады.

Ұқсас жаңалықтар