Спорт және туризм
Қазақстандық жанкүйер Бразилияға ең қымбат билетпен жетті
- author «Ақ жол»
- 2 тамыз, 2016
- 711
Қазақстандық жанкүйер Бразилияға ең қымбат билетпен жетті
Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласына алып баратын ең қымбат ұшақ билетін қазақстандық азамат сатып алды. Мұны Forbes.kz порталының ақпарынша, ТМД- дағы ірі туристік Aviasales компаниясының өкілі Янис Дзенис мəлімдеген, деп жазады «Егемен Қазақстан» газеті.
Қазақстандық жолаушы мұндай қымбат билетті екі əуе кемесімен ұшып жету арқылы сатып алған. Оның осы екі рейс үшін төлейтін ақшасы 957 054 теңге болған. Ал билет биылғы 5 қаңтар күні сатып алыныпты. Ол сол кездегі 343 теңгелік бағаммен есептегенде, 2800 долларды құраған. Бұл Рио-де-Жанейроға эконом-класпен апаратын билеттердің ең қымбаты болып шыққанын көрсетеді. Айтқандай, оның қаңтар айында алынуы арқасында бағасын аз да болса арзанға түсірген көрінеді. Əйтпесе, дəл қазір бұлайша екі сапар арқылы жол жүру 2,5 миллион теңгеге ($7000) түседі екен.
Ақпарат көзі: ҚазАқпарат
Ұқсас жаңалықтар
Скандинавия жүрісі – салауатты өмірдің өзегі
- 11 наурыз, 2026
Ербол Хамитов – қысқы Паралимпиаданың қола жүлдегері
- 11 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




