Олимпиададан жүлделі оралған спортшыларға пәтер беріледі
- author «Ақ жол»
- 1 тамыз, 2016
- 566
Олимпиададан жүлделі оралған спортшыларға пәтер беріледі. Енді бұл өңір әкімдерінің жомарттығы емес, заңмен орындалуы тиіс талап. Тілшілерімізге берген сұхбатында Спорт және дене шынықтыру комитеті төрағасының орынбасары Серік Жарасбаев байрақты бәсекеден алтынмен оралғандар 3 бөлмелі, күміс таққандар 2 және қола медальді еншілегендер 1 бөлмелі баспанаға ие болатынын айтты. Мұнымен қоса спортшыларға берілетін сыйақы мөлшері де өзгеріссіз қалды. Серік Жарасбаев, ҚР Спорт және дене шынықтыру комитеті төрағасының орынбасары: - Осындай біздің Үкімет тарапынан қолдау, спортшыларға берілетін сыйақы оларға үлкен серпіліс береді. Себебі бұл әлеуметтік лифт ретінде жұмыс істейді. Өзіңізге белгілі қазіргі уақытта алтынға 250мың доллар берілетін болса, ол – қазіргі уақыттаүлкен ақша. Айта кетейік, Қазақстан тәуелсіздік алған жылдан бері 5 бірдей жазғы ойындарға қатысып, 52 медаль жеңіп алды. Оның 16-сы – алтын. Ең жақсы көрсеткішке Атланта және Сидней олимпиадаларында қол жеткіздік. Ұлттық құрама жалпы командалық есепте үздік 25-тіктен түспеп еді. Ал 2012 жылғы Лондон олимпиадасында одан да асып, 7 бірдей алтын алды. Ал бірер күннен кейін басталатын Рио ойындарында көрсеткіштер бұдан кем болмауы керек дейді жауапты мамандар. Сәйкесінше, жоғарыдағы сыйақыға ілігетін спортшылар саны да көбеюі тиіс. Ақпарат көзі: www.24.kz
Ұқсас жаңалықтар
Әйгерім Сәттібаеваны жамбылдықтар құрметпен күтіп алды
- 25 қазан, 2025
Қазақтың туы болған Қосы батыр
- 21 қазан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




