- Advertisement -

Сара есімді қазақ қызы 14 жыл бойы КазССР-да «туғанын» білмеген

83

- Advertisement -

20160801173247

Осыдан 15 жыл бұрын, 2001 жылы 13 шілде күні Ақмола облысы Ерейментау ауданы Өлеңті ауылында қазақ қызы дүниеге келеді. Оның аты-жөні — Жанұзақ Сара. Сол кезде тәуелсіздік алғанына 10 жыл толған Қазақстан Республикасының азаматшасы Сараға Ерейментау ауданың Әділет басқармасы «КазССР»-да туды деп, куәлік берген. Масқара!

Сараның туу туралы куәлігіндегі бұл өрескел қатені не мектеп, не ата-ана, не сол әділет басқармасы, не аурухана байқамаған. Арада 14 жыл өткенде, 2015 жылы Сараға жол жүру билетін алайын деп тұрған бір туысқаны ғана баланың туған жері Қазақстан емес, КазССР деп тұрғанын байқап, таңқалған. Туу туралы куәлікті интернетке жүктегеннен кейін Сараның ата-анасы Әділет басқармасына барған, екі жылдан бері туу туралы куәлік АХАЖ бөлімінде берілетіндіктен, Сараға Өлеңті ауылының АХАЖ бөлімі жаңа куәлік жасап берген екен.

«Бұл балаға қайтадан жаңа туу туралы куәлік берілген. Ол жерде техникалық қате кеткен. Яғни, адами фактор… Туу туралы куәліктегі қатені ата-анасы да байқамаған. Баланың бір туысқаны жол жүруге билет алып жатып, туу туралы куәліктегі қатені байқаған және ата-анасының рұқсатынсыз оны суретке түсіріп, интернетке жүктеген. Осылайша, сурет алғаш рет жүктелген 2015 жылы ата-анасы АХАЖ бөліміне барып, жаңа туу туралы куәлік алған. Ал, Республикасының аты КазССР деп жазылған куәлікті Ерейментау ауданы Әділет басқармасы берген. Қазір ол куәлік архивтер жатыр», — дейді мән-жайды түсіндірген Ерейментау ауданы әкімдігінің Ішкі саясат бөлімінің қызметкері Камила Ахмедиярова.

Бұл қатені жіберген адам 2014 жылы жұмыстан шығып кеткен, сондықтан оған жаза қолданбаған. Біз Сарамен алдағы уақытта хабарласып, «КазССР»-да туған қыздың қазір қайда оқитынын, жалпы, бұл куәліктің бар «қызығын» толық жазамыз.

Ақпарат көзі: ҚазАқпарат

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support