Қанат Исламның келесі жекпе-жегі Алматыда өтеді
2016 жылдың 29 қазанында кәсіпқой боксшы Қанат Ислам WBA (Interim) тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағы үшін Қазақстанда жекпе-жек өткізеді.
Бұл туралы “Жас Қазақ” басылымы хабарлайды.
Жекпе-жек “ЖЕРСУ” корпарациясының бас демеушілігімен Алматы қаласында ұйымдастырылады. Боксшы үшін бұл – өте жауапты әрі көптен күткен кездесу болмақ. Енді Қанаттың кездесуін көру үшін жанкүйерлер құрлық аспай-ақ, қазан айында Алматыға келеді.
Қанаттың қарсыласы кім екенін жақын күндері жарияланбақ. Айта кетейік, Қанат Ислам – WBA Fedecaribe тұжырымының чемпионы, осы уақытқа дейін 21 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен.
Бұған дейін Қанат Исламның Америкаға барып қаржылай табысқа кенелмегені туралы және оның WBS рейтінгінде үздік бестіктіңқатарына кіргені жайлы да жазған болатынбыз. Ол сондай-ақ, жуырда болатын олимпиада ойындарындағы боксшылардың мүмкіндігі туралы да пікір білдірген. Ақпарат көзі: Stan.kz
Ұқсас жаңалықтар
Скандинавия жүрісі – салауатты өмірдің өзегі
- 11 наурыз, 2026
Ербол Хамитов – қысқы Паралимпиаданың қола жүлдегері
- 11 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




