Спорт және туризм
Қытай 2022 жылғы Олимпиада ойындары эмблемасының дизайнына халықаралық байқау жариялады
- author «Ақ жол»
- 1 тамыз, 2016
- 323
Қытай 2022 жылғы Олимпиада ойындары эмблемасының дизайнына халықаралық байқау жариялады
Қытай 2022 жылы өтетін Олимпиада және Паралимпиада ойындарының дизайнына халықаралық байқау жариялады. Бұл жайында Бейжіңде қысқы Олимпиада ойындарын өткізу туралы қабылданған шешімнің бір жылдығына орай ұйымдастырылған шара барысында жарияланды, деп хабарлайды ТАСС агенттігі.
Бейжің ұйымдастырушылар комитетінің мәлімдеуінше, олар эмблема дизайны бойынша ұсыныстарды адамның ұлтына, жынысына, мамандығына және жасына қарамастан қарап көруге дайын. Мұндай ұсыныстарды 2016 жылдың желтоқсанына дейін жіберуге болады.
2022 жылы өтетін Олимпиада және Паралимпиада ойындарының ресми сайты да көпшілікке мәлім болды -www.beijing-2022.cn, және жексенбіден бастап, сайт өз жұмысын бастап кетті.
Айта кетейік, 2015 жылдың 31 шілдесінде 2022 жылы Олимпиада ойындары өтетін қала анықталды. Қысқы Олимпиада ойындарын қабылдауға Алматы мен Бейжің қаласы таласқан еді, дауыс беру нәтижесі бойынша, Қытай астанасы жеңіске жетті.
Ақпарат көзі: ҚазАқпарат
Ұқсас жаңалықтар
Спорт кешені пайдалануға берілді
- 21 қараша, 2024
Әлемнің жүйріктері Әулиеатада бақ сынасты
- 12 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді