Спорт және туризм
Олимпиада ойындарын жүргізетін комментаторлар белгілі болды
- author «Ақ жол»
- 29 шілде, 2016
- 550
Олимпиада ойындарын жүргізетін комментаторлар белгілі болды
Тамыз айының бесі күні Бразилияның Рио-де Жанейро қаласында ең маңызды спорттық жарыс Олимпиада ойындары басталады. Төрт жылдықтың басты додасын отандық «Хабар», «Қазақстан», «Kazsport» арналары көрсететін болады. Ал осы жарысты тікелей эфирде жүргізетін комменаторлардың да есімі белгілі болды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
«Олимпиада ойындарын жүргізуге «Хабар» арнасына тәжірибелі комментаторлар шақырылды. Олар – Жандос Айтпай, Ержан Көшкінбаев, Ермұxамед Мәулен, Айбек Қабылша, Андрей Неклюдов, Дмитрий Мостовой. Сонымен қатар спорт түрлеріне байланысты сарапшылар шақырылады», - дейді «Хабар» арнасының директоры Ринат Кертаев.Бұл арнадан Риоға Қанат Базылxан, Асxат Ниязов, Марат Тоқмағанбет және екі оператордан құралған түсіру тобы бара жатыр. Ал «Kazsport» арнасында Асxат Сағынаев, Сергей Ралян және т.б жас комментаторлар жұмыс істейді. Бразилияға Индира Бектенова, Ермек Төрениязов, Телжан Күдеров, Бағдат Сүлейменов, Руслан Дәулетов секілді журналистер мен операторлар бара жатыр. Олар xалыққа жылдам xабар таратуға тырысады. Айта кетейік, Олимпиада ойындары бесінші тамыз күні басталады. Қазақстанның намысын 26 спорт түрінен 104 спортшы қорғайды.
Ақпарат көзі: Baq.kz
Ұқсас жаңалықтар
Әйгерім Сәттібаеваны жамбылдықтар құрметпен күтіп алды
- 25 қазан, 2025
Қазақтың туы болған Қосы батыр
- 21 қазан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




