Спорт және туризм
Олимпиада ойындарын қазақстандық үш телеарна көрсетеді
- author «Ақ жол»
- 29 шілде, 2016
- 523
Олимпиада ойындарын қазақстандық үш телеарна көрсетеді
Бразилияда жалауын көтеретін төрт жылдықтың басты додасы Риодағы Олимпиада ойындарын отандық үш телеарна көрсететін болады. Бұл туралы арна басшылары бүгін Орталық коммникациялар қызметінде өткен баспасөз мәжілісінде мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
Олимпиада ойындарын көрстеу құқығы Dentsu.inc компаниясына тиесілі. Бұл медиаxолдинг қазақстандық «Хабар», «Қазақстан», «Kazsport» арналарына Олимпиада ойындарын елімізде тарату құқығын сеніп тапсырып отыр.
«Көрермендеріміздің әлемдегі ең маңызды спорт шарасын көру мүмкіндігіне ие болуы және спортшыларымызға қолдау білдіруі біз үшін өте маңызды. «Хабар» арнасы ойындарды 100 сағаттан астам уақыт көрсетуді жоспарлап отыр. Оның ішінде шараның ашылу және жабылу салтанаты бар. Біздің арнада негізінен бокс, ауыр атлетика, жеңіл атлетика, велоспорт, дзюдо, таэквондо, гимнастика, суда жүзу, баскетбол, волейбол секілді спорт түрлері көрсетіледі. Риодағы ойындарды жедел әрі шапшаң көрсету үшін екі бірдей түсіру тобы аттанады», - дейді «Хабар» арнасының директоры Ринат Кертаев.«Kazsport» телеарнасының басшысы Павел Цыбулин алғаш рет тікелей студиялық бағдарлама жасалатынын айтып отыр.
«Алғаш рет Олимпиададан тікелей эфирде студиялық бағдарлама жасалады. Студияға еліміздің спортшылары, жаттықтырушылары, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі және ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің жетекшілері шақырылады. Олимпиада ойындары аяқталған соң арнамыз деректі фильм түсіреді», - дейді П.Цыбулин.Ақпарат көзі: Baq.kz
Ұқсас жаңалықтар
Әйгерім Сәттібаеваны жамбылдықтар құрметпен күтіп алды
- 25 қазан, 2025
Қазақтың туы болған Қосы батыр
- 21 қазан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




