Спорт және туризм
ШҚО-ның футбол академиясында Месси жаттыққан әдістемені қолдануда
- author «Ақ жол»
- 29 шілде, 2016
- 614
ШҚО-ның футбол академиясында Месси жаттыққан әдістемені қолдануда
Биылғы жылдың басынан Шығыс Қазақстанның әр түкпірінен жиналған 100-ден астам бала испандық жүйе бойынша жаттықтыратын футбол академиясында тегін оқуда, деп хабарлайды Baq.kz.
2015 жылдың қыркүйек айында ШҚО әкімдігі мен испаниялық «Soxna» компаниясы арасындағы келісім аясында Өскемен қаласында футбол академиясы құрылған. Жас ерекшеліктері бойынша (2000, 2001, 2002, 2003 ж.т) 700-ге жуық баланың ішінен 100 бала іріктеліп алынды. Іріктеуден өткен балаларға спортта дарынды жасөспірімдерге арналған облыстық мектеп-интернаттан орын берілді.
– Бұл жобаның біздің өңір үшін маңызы зор. Жаттығу үрдісі үшін барлық жағдай жасалады, - деген болатын облыс әкімі Даниал Ахметов келісімге қол қою рәсімі барысында.
– Балалар үлкен ықыласпен жаттығуларға келеді. Ойынды түсінетін жақсы ойыншылар қатары да көп. Біз бұл жерде Месси жаттыққан тәсілді қолданудамыз. Әрине, жоғары дәрежеге жету оңай емес, дегенмен біз бар күшімізді саламыз. Ол үшін барлық жағдай жасалған. Академияның ең басты мақсаты – «Алтай» клубының негізгі командасын біздің тәрбиеленушілерімізбен толықтыру, - деді Исмаэль Диас Галан.
Ақпарат көзі: Baq.kz
Ұқсас жаңалықтар
Шу ауданында 305 спорт нысаны жұмыс істейді
- 28 сәуір, 2026
Шу ауданында жаңа спорт кешені ашылды
- 22 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




