Спорт және туризм
Ресейлік боксшы қазақстандықтарды Олимпиададағы негізгі қарсыластарының бірі деп атады
- author «Ақ жол»
- 29 шілде, 2016
- 698
Ресейлік боксшы қазақстандықтарды Олимпиададағы негізгі қарсыластарының бірі деп атады
Бокстан Әлем және Еуропа чемпионы, ресейлік Евгений Тищенко Рио Олимпиадасындағы негізгі қарсыластарын атады, деп хабарлады sports.kz.
«Ресей құрамасы турнирге жақсы дайындалған, Олимпиадаға жақсы көңіл-күймен аттанғалы жатырмыз. Медальдарға қол жеткізу үшін бара жатырмыз, - деді Тищенко. - Әлем чемпионатында жеңіске жеткенмін, енді өмірімдегі ең маңызды қадам жасап, алтын медальға ие болуым керек. Олимпиадаға 100% дайынмын. Негізгі қарсыластарым - Италия, Куба және Қазақстан спортшылары. Өзге елдердің боксшылары да мықты бәсекелес бола алады. Сондықтан әр жекпе-жекке жақсы дайындаламын».
Тищенко 91 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді. Спортшы 2015 жылы Болгариядағы Еуропа чемпионатында және Катарда әлем чемпионатында жеңіске жетті. Ресейлік 2013 жылы Қазақстандағы әлем чемпионатында күміске ие болған. Ақпарат көзі: ҚазАқпарат
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




