«Әлем жүгірісі» эстафетасы Астанада үш апта аялдайды

«Әлем жүгірісі» эстафетасы Астанада үш апта аялдайды
ашық дереккөз
«Әлем жүгірісі» эстафетасы Астанада үш апта аялдайды
Бүгін елордаға «Әлем жүгірісі» халықаралық жеңілатлетикалық алау эстафетасының құрама командасы келді. Астаналықтар Павлодардан келген жүгірушілерді Студенттер саябағының алаңында қуанышпен қарсы алды. Жүгіріске қатысушылар өз кезегінде қалалықтарға эстафета символы - жанып тұрған алауды көрсетті. Әлемдік алауды қытайлық қатысушылар біздің жүгірушілерге 2 шілдеде Қорғас қаласында тапсырған  болатын. Эстафетаның қазақстандық кезеңінде символ Жаркентте, Алматыда, Талдықорғанда, Өскеменде, Семейде, Екібастұзда және Павлодарда болды, деп хабарлады астаналық әкімдік сайты. - Астанада үш апталық үзіліс жасаймыз. Команда бес адамнан тұрады, кейбір қатысушылар ауысады. 26 тамызда Омбыға бет аламыз, онда Қиыр Шығыстан жүгіріп келе жатқан ресейлік командамен кездесеміз. Құрама команда одан әрі Уфаға барып, Ресейдің батыс бөлігімен жүгіріп келе жатқан басқа командаларға қосылады. 21 қыркүйекте эстафета ресми түрде мәреге жетеді, - дейді Қазақстандағы «Әлем жүгірісі» эстафетасы командасының капитаны және үйлестірушісі Оспанов Даурен. Жалпы, марафон 34 күнге жалғасады, команда күн сайын 200 шақырымды бағындырады, әрбір қатысушыға түсетін жүктеме күніне 15 және 40 шақырымды құрайды. Д. Оспановтың айтуынша, қатысушылардың көбі ұзындығы 42 шпақырымдық классикалық марафонға бұған дейін де қатысқан, бірақ эстафетаға алғаш рет қосылғандар да бар - Бізге еріп жүрген екі көлік бар, барлық қажетті заттарды сонда сақтаймыз. Жүгірген кезде ауысып отырамыз, бірі жүгірсе, басқалары демалады. Команда болғанда шыдамдылық таныту керек, түрлі қиындықтар да болады, біз үшін жүгіру ғана сын емес, бұл жерде психологиялық та тосқауылдарды бағындыру қажет, - дейді марафонға қатысушы. Айта кетейік, бүгінгі таңда эстафетаға алты миллионнан астам адам қатысқан. Алау алты құрлықта әлемнің 140-тан астам елінде болды. null null null null null null null null null null null null

 Ақпарат көзі: ҚазАқпарат

Ұқсас жаңалықтар