Атадан ұл туса…
Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өтетін жазғы Олимпиада ойындарының ашылуына санаулы уақыт қалды. Баршаға мәлім қуанышты жайт, талай-талай дүбірлі жарыстарда топ жарған Қазақстанның спортшылары Олимпиадаға алып баратын жүзден астам жолдамаға ие болып отыр.
Солардың арасында саңлақ боксшы, Азия чемпионы, басқа да ірі Халықаралық жарыстардың жеңімпазы Олжас Сәттібаев та бар. Бауырымыз белгілі жазушы, «Егемен Қазақстан» газетінің Жамбыл облысы бойынша бұрынғы меншікті тілшісі, Жамбыл облыстық «Ақжол» газетінің қазіргі бас редакторы Көсемәлі Сәттібайдың туған ұлы. Көсемәлідей қаламы қарымды қаламгерден әкелік тәлім-тәрбие алып, перзенттік рухы асқақтаған Олжас бүгінгі таңда бір Қазақстан ғана емес, Азия, әлем мойындаған былғары қолғап шебері.
Бүкіл дүниежүзінің түкпір-түкпірінен келетін, «сен тұр, мен атайын» дейтін кілең мықты боксшылардың арасынан топ жарып, мерейіңнің үстем болуына бүкіл қазақ халқымен бірге қаламгерлер қауымы да ақ тілек білдіреді. Саған оң жол тілейміз Олжас, Олимпиада чемпиондары – Ермахан Ибраимов, Бақтияр Артаев, Серік Сәпиев ағаларың сияқты Қазақстанның көгілдір түсті Туын желбіретіп, жеңімпаз болып орал! Доқтырхан ТҰРЛЫБЕК, жазушы, Халықаралық «Түркі әлемі» телестудиясының директоры.
Ақпарат көзі: Егемен Қазақстан
Ұқсас жаңалықтар
Әйгерім Сәттібаеваны жамбылдықтар құрметпен күтіп алды
- 25 қазан, 2025
Қазақтың туы болған Қосы батыр
- 21 қазан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




