АҚШ дизайнері ауа ластанған кезде түсін өзгертетін киім ойлап тапты

АҚШ дизайнері ауа ластанған кезде түсін өзгертетін киім ойлап тапты
ашық дереккөз
АҚШ дизайнері ауа ластанған кезде түсін өзгертетін киім ойлап тапты
Америкалық дизайнер Николас Бентель ауа ластанған кезде түсін өзгертетін киім ойлап тапты. Бентель негізін қалаған Aerochromics компаниясының коллекциясында әзірге  жеңі ұзын үш жеңіл жейде бар. Олардың бірі ауадағы иіс газы концентрациясының жоғары болуын, екіншісі  ауаның қатты микробөлшектермен ластануын, үшіншісі ауаның  радиоактивті заттармен ластануын анықтайды, деп хабарлады The Verge. Николас Бентельдің сөзіне қарағанда, футболкалар өз иесі мен оның қасындағы адамдарды қоршаған орта ауасының сапасы жайлы хабардар етуге бағытталған.   Әр жейденің құны шамамен 500 доллар.  

Ақпарат көзі: ҚазАқпарат

Ұқсас жаңалықтар