«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасын астаналықтар Бразилияға шығарып салды

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасын астаналықтар Бразилияға шығарып салды
ашық дереккөз
Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасын астаналықтар Бразилияға шығарып салды
Бүгін бокстан Қазақстан ұлттық құрамасын астаналықтар Бразилияға салтанатты түрде шығарып салды. Астана әуе жайына боксшылардың ағайын-туыстары, дос-жарандары, жергілікті жанкүйерлерімен бірге БАҚ өкілері де жиналды. Боксшылар елге жүлдемен оралуға тырысатынын айтты. Еске сала кетейік, биыл қазақ боксшылары Олимпиада ойындарына тұңғыш рет толық құрамда бара жатыр. Ерлер арасындағы додада 10 салмақ дәрежесінен он боксшымыз ел намысын қорғайды. Ал, бокстан әйелдер арасындағы бәсекеде екі спортшымызға үміт артып отырмыз. Олар:  Біржан Жақыпов, Олжас Сәттібай, Қайрат Ералиев, Берік Әбдрахманов, Абылайхан Жүсіпов, Данияр Елеусінов, Жәнібек Әлімханұлы, Әділбек Ниязымбетов, Василий Левит  және Иван Дычко. Ал аруларымыздан Жайна Шекербекова мен Дариға Шәкімова бар. Ерлер құрамасы мен әйелдер құрамасы құрлықтың арғы бетіне бірге аттанды. Осыған дейін хабарлағанымыздай боксшыларымыз Риода жарысты 6 тамыз күні бастайды. Осы күні сағат жергілікті уақытпен 11:00-де (Астана уақыты бойынша 20:00) 60 келі салмақта бірінші болып шаршы алаңға Б. Әбдірахманов шығады. Ал 17:00-де (Астанада 7 тамыз, 02:00 болады) 81 келі салмақтағы боксшымыз Ә. Ниязымбетов пен 91 келі салмақтағы В. Левиттың өнерін тамашалай аламыз. Жарыстың екінші күні 7 тамызда 11:00-де (Астана уақытымен 20:00) осымен Олимпиадаға үшінші рет қатысқалы отырған ең жеңіл салмақ - 49 келідегі Б. Жақыпов өнер көрсетеді. Ал 17:00-де (Астана уақытымен 8 тамыз, 02:00) 81 және 91 келідегі боксшылар сынға түседі. Тамыздың 8-і күні 11:00-де (Астанада 20:00) Қазақстан ұлттық құрамасының команда капитаны 69 келідегі Д. Елеусіновтің жекпе-жегіне куә боламыз. Осы күні сағат 17:00-де (Астанада 9 тамыз, 02:00) тағы бір батырымыз Ж. Әлімханұлы шаршы алаңға шығады. Тамыздың 9-ы күні 11:00-де (Астанада 20:00) 60 келі салмақтағы боксшылар арасындағы іріктеу жарыстары өтеді. Ал 17:00-де (Астана уақытымен 10 тамыз, 02:00) 75 келі салмақтағы боксшылар мен +91 келідегі боксшылар арасындағы жекпе-жектерді тамашалайтын боламыз. Бұл күні қазақ боксшыларының арасындағы аса ауыр салмақтағы И.Дычко өнер көрсетеді. Тамыздың 10-ы күні сағат 11:00-де (Астанада 20:00) 49 келі салмақ дәрежесіндегі боксшылардың ширек финалдық бәсекелері басталады. Осы күні сағат 17:00-де (Астана уақытымен 11 тамыз, 02:00) қазақ боксшыларынан 56 келідегі Қ.Ералиев пен 64 келідегі А. Жүсіпов шаршы алаңға шығады. Сондай-ақ, 81 және 91 келі салмақтағы боксшылар арасында ширек финалдық бәсекелер өтеді. Тамыздың 11-і күні 56, 64, 69, және 81 келі салмақтағы боксшылар арасында іріктеу сындары жалғасады. Тамыздың 12-сі бокстан қыздар арасындағы жекпе-жектер басталады. Бұл күні сағат 11:00-де (Астанада 20:00) 51 келі салмақта өнер көрсететін қарындасымыз Ж. Шекербекованың өнерін көре аламыз. Ал 13 тамызда 11:00-де (Астанада 20:00) 52 келі салмақта О. Сәттібаев шаршы алаңға шығады. Осы күні сағат 17:00-де (Астана уақытымен 14 тамыз, 02:00) 69 келідегі боксшылар арасында ширек финалдық додалар өтсе, 91 келі салмақта жартылай финалдық бәсекелер өтеді. Ал +91 келі салмақтағы боксшылар арасында іріктеу ойындары ары қарай жалғасын табыды. Тамыздың 14 күні сағат 11:00-де (Астанада 20:00) екінші боксшы қызымыз Д. Шакимова шыршы алаңға көтеріледі. Ал тамыздың 15-і күні сағат 11:00-де (Астанада 20:00) 52 және 75 келі салмақтағы бокысшылар арасында іріктеу ойындары жалғасады. 69 келіде жартылай финалдық ойындар өтеді. 17:00-де (Астана уақытымен 16 тамыз, 02:00) 91 келі салмақтағы боксшылар арасында финалдық ойындар өтеді. Тамыздың 16-сы күні бокстан әйелдер арасында 51 келі салмақтан ширек финалдық жекпе-жектер өтетін болады. 17 тамыз сағат 14:00-де (Астана уақытымен 23:00) 75 келі салмақтағы қыздардың ширек финалдық бәсекелері өтеді. Ал тамыздың 18-і күні әйелдер арасында 51 келі салмақтағы боксшылардың жартылай финалдық жекпе-жектері өтеді. 19 тамызда сағат 14:00-де (Астана уақытымен 23:00) 75 келі салмақтағы қыздар жартылай финалдық жекпе-жектерін бастайды. 20 тамызда 14:00-де (Астана уақытымен 23:00) 51 келі салмақтағы боксшы арулар арасындағы финалдық додар басталады. 75 келі салмақтағы қыздар арасындағы боксшылардың финалдық жекпе-жектері 21 тамыз сағат 14:00-де (Астана уақытымен 23:00) басталады.

                Ақпарат көзі: ҚазАқпарат

   

Ұқсас жаңалықтар