«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Риода спортшылар қайда тұрады?

Риода спортшылар қайда тұрады?
ашық дереккөз
Риода спортшылар қайда тұрады?
Енді санаулы күннен кейін төрткүл дүние көз тігетін Рио олимпиадасының алауы тұтанады. Осыған орай өткен аптаның соңында Рио-2016 ұйымдастырушы комитеті командалардың өкілдеріне Олимпиада қалашығын ресми түрде ашты. Олимпиада қалашығына әлемдік додада бағын сынауға келген спорт саңлақтары мен мамандар қоныстанады. Алдыңғы лек қазірдің өзінде барып үлгерген. Кейбір дерек көздеріне сүйенсек, қалашықтың бірқатар нысандарының әрлеу жұмыстары әлі де толық аяқталмаған. Сол себепті,  барған туристер мен мамандардың көңілі толмай, орналасудан бас тартып жатқандары да бар көрінеді. Әлемнің әр түпкірінен келген спорт делегациясының демалып, тынығуына арналған Олимпиада қалашығында бас-аяғы 31 нысан бар. Ойын кезінде кешенге 18 мың қонақ қоныстана алады. Ал оларға шамамен 13 мың адам қызмет көрсетпек. Мұнда спорт залы, демалыс аймағы, сұлулық салоны мен діни орталықтар және заманауи үлгіде жабдықталған медициналық орталық пен 5 мың адамға арналған асхана бар.    

Ақпарат көзі: ҚазАқпарат

   

Ұқсас жаңалықтар