
Аяғы жоқ, қолы жоқ... қайтіп күн көрер?
Индонезияда Тийо Сатрио есімді қол-аяғы жоқ бала өмір сүруде. Бұл – оның туабітті кемістігі. Балғын қазір 11 жаста. Мұндай жағдайға душар болған кім-кімнің де өмірден күдер үзуі мүмкін. Алайда, Тийо қол-аяқсыз-ақ бақытты болуға болатынын көрсеткісі келеді. Тийо мектепке де барады екен. Арбаға таңылған балақайдың әрі-бері жүруіне сыныптастары көмектесетін көрінеді. Жазу-сызуды да үйренген. Қарындашты аузымен тістеп жазады.
Математика пәнінен сабақ беретін мұғалімі оның екінші сыныпта-ақ төртінші сыныпқа арналған есепті шеше алғанын айтады. Сабақтан соң ол иегімен басқарып, Playstation ойнағанды ұнатады екен.
Ұқсас жаңалықтар
Тоқаев Астана қаласындағы «Жастар» саябағында ағаш екті
- 21 сәуір, 2025
7 жасар қазақ баласы шахматтан әлем чемпионы атанды
- 31 наурыз, 2025
Ақпарат
Ақсақалдар тағылымы – адам қоғамның кепілі
- 18 сәуір, 2025
ҚАЖ қызметкерлері көпбалалы отбасыны қуантты
- 15 наурыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді