«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Олимпиадаға 11 күн қалды

Олимпиадаға 11 күн қалды
ашық дереккөз
Олимпиадаға 11 күн қалды

Рио Олимпиадасында қазақ елінің боксшылары алғашқы кездесулерін тамыздың 6-сынан бастайды. Осы күні Астана уақыты бойынша 20:00-де 60 келі салмақта шаршы алаңға Б. Әбдірахманов шығады, сағат тілі 7 тамыз күнгі түнгі екіге ауғанда 81 келі салмақтағы боксшымыз Ә. Ниязымбетов пен 91 келі салмақтағы В. Левит алғашқы кездесулерін өткізеді. Осы күні Астана уақытымен 20:00-де Б. Жақыпов (49 келі) өнер көрсетеді. Ал 8 тамыз күнгі түнгі 02:00-де 81 және 91 келідегі боксшылар сынға түседі.

Тамыздың 8-і күні 20:00-де ұлттық құрама капитаны Д. Елеусіновтің (69 келі) жекпе-жегін тамашалаймыз. 9 тамыздың түнгі сағат 02:00-інде тағы бір батырымыз Ж. Әлімханұлы (75 келі) шаршы алаңға шығады. Осы 9-ы күні 20:00-де 60 келі салмақтағы боксшылар арасындағы іріктеу жарыстары өтеді. Сонымен қатар, түн оныншы тамызға ауысқанда 02:00-де 75 келі салмақтағы боксшылар мен +91 келідегі боксшылар арасындағы жекпе-жектерді көреміз. Бұл күні аса ауыр салмақтағы И.Дычко рингке көтеріледі. 10 тамыз күні 20:00-де 49 келі салмақ дәрежесіндегі боксшылардың ширек финалдық бәсекелері басталады. 11 тамыз күні түнгі 02:00-де 56 келідегі Қ.Ералиев пен 64 келідегі А. Жүсіпов шаршы алаңға шығады. Сондай-ақ, 81 және 91 келі салмақтағы боксшылар арасында ширек финалдық бәсекелер өтеді. Келесі күні 56, 64, 69 және 81 келі салмақтағы боксшылар арасында іріктеу сындары жалғасады. Тамыздың 12-сі бокстан қыздар арасындағы жекпе-жектер басталады. Бұл күні 20:00-де Ж. Шекербекова (51 келі) алғашқы кездесуін өткізеді. Ал 13 тамыз күні сағат 20:00-де 52 келі салмақта жерлесіміз О.Сәттібаев шаршы алаңға шығады. 14 тамыз, түнгі сағат 02:00-де 69 келідегі боксшылар арасында ширек финалдық додалар, 91 келі салмақта жартылай финалдық бәсекелер өтеді. Сондай-ақ, +91 келі салмақтағы боксшылар арасында іріктеу сыны да жалғасады. Тамыздың 14 күні сағат 20:00-де екінші боксшы қызымыз Д. Шакимова шаршы алаңға көтеріледі. Келесі күні сағат 20:00-де 52 және 75 келі салмақтағы боксшылар арасында іріктеу ойындарына кезек беріледі. 69 келіде жартылай финалдық ойындар өтеді. 16 тамыз күні 02:00-де 91 келі салмақтағы боксшылар арасында финалдық жекпе-жек басталады. Осы күні бокстан әйелдер арасында 51 келі салмақта ширек финалдық жекпе-жектер жарыс көрігін қыздырмақ. 17 тамыз күнгі сағат 23:00-де 75 келі салмақтағы қыздардың ширек финалдық бәсекелері өтеді. Тамыздың 18-і күні әйелдер арасында 51 келі салмақтағы боксшылардың жартылай финалдық жекпе-жектеріне кезек берілмек. 19 тамызда сағат 23:00-де 75 келі салмақтағы қыздар жартылай финалдық жекпе-жектерін бастайды. 20 тамыз 23:00-де 51 келі салмақтағы боксшы арулар арасындағы финалдық доданы тамашалаймыз. 75 келі салмақтағы қыздар арасындағы боксшылардың финалдық жекпе-жектері 21 тамыз, сағат 23:00-де басталады.

Табиғат АБАИЛДАЕВ, «Ақ жол».

Ұқсас жаңалықтар