Спорт және туризм
Қазақстандық жас боксшылар Сербиядан 10 алтын әкелді
- author «Ақ жол»
- 25 шілде, 2016
- 532
Қазақстандық жас боксшылар Сербиядан 10 алтын әкелді
Сербия өткен 34-ші Golden Glove of Vojvodina халықаралық турнирінен қазақстандық жас боксшылар 10 алтын медаль әкелді. 10 мемлекеттің спортшылары қатысқан сайыста қазақстандық боксшылар бірінші орынға ие болды.
Қазақстанның бокс федерациясы хабарлағандай, қазақстандық Евгений Павлов (49 келі), Оразбек Асылқұлов (52 келі), Әл-Мұхамед Махмұт (56 келі), Санатәлі Толтаев (60 келі), Садриддин Ахмедов (69 келі), Нұрлан Сабыров (81 келі) және Мұхамеджан Тайбағар (91 келі) алтын медальді жеңіп алған. Қыздар арасында Ақниет Әбдіғожа (54 келі), Владислав Кухта (60 келі) және Надира Маратова (+81 келі) Сербия төрінде көк байрағымызды желбіретті.
- Командамыздың көрсеткен ойынына көңіліміз толады, - деді бокс бойынша ҚР жастар құрамасының бас бапкері Ғалымбек Кенжебаев. - Бұл турнир - қараша айында Санкт-Петербургте өтетін әлем чемпионатына дайындықтың бір кезеңі. Ол бізге қалай жұмыс істеу керектігін көрсетті. Тамыз айында Германияда өтетін тағы бір халықаралық турнир бар, оған басқа құраммен барамыз.
Біздің командада бәсекелестік өте жоғары. Кім жақсы дайындалып, өзін көрсете білсе, әлем чемпионатына сол барады. Әлем бойынша бокс спорты дамып келеді. Әдеттегідей Ресей мен Куба үздік нәтижелер көрсетуде. Бұл салада бұрын аты шықпаған мемлекеттер де жетістікке қол жеткізуде, мәселен Марокко. Осындай мықты қарсыластармен шайқасып, әзірге жаман нәтиже көрсеткеніміз жоқ.
Ақпарат көзі: ҚазАқпарат
Ұқсас жаңалықтар
Әйгерім Сәттібаеваны жамбылдықтар құрметпен күтіп алды
- 25 қазан, 2025
Қазақтың туы болған Қосы батыр
- 21 қазан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




