«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Олимпиада үміттері: 52 келіде Сәттібаевқа сенім артылды

Олимпиада үміттері: 52 келіде Сәттібаевқа сенім артылды
ашық дереккөз
Олимпиада үміттері: 52 келіде Сәттібаевқа сенім артылды
ХХХІ Жазғы олимпиада ойындарының басталуына он күндей ғана уақыт қалды. Спортсүйер қауым асыға күтіп жүрген байрақты бәсекенеге жүзден астам отандастасымыз қатысып, олимпиада жүлдесін сарапқа салады. Бұл сында боксшылар арасында Жамбыл облысының өкілі Олжас Сәттібаев ел намысын қорғайды
 Олжас Көсемәліұлы Сәттібаев
Туған жылы: 02.05.1988 жыл, Туған жері: Жамбыл облысы Салмағы: 52 кг Бапкері: Мұрат Әбімселимов Халықаралық дәрежелегі спорт шебері Жетістіктері: Азия чемпионатының қола жүлдегері (2009 Қытай), Қазақстан чемпионатыны бірнеше мәрте чемпионы, С. Нұрмағамбетов атындағы халықаралық турнирдің 4 дүркін жеңімпазы; Әскерилер арасындағы әлем чемпионы (2014), Бүкіләлемдік WSB сериясының жеңімпазы («Астана арландары» 2015), Азия чемпионы (Тайланд, 2015).  src= Олжас Сәттібаев 2009, 2011 жылдары өткен әлем чемпионатына қатысып жүлдеге ілінбеді. 2009 жылы Азия чемпионатында қола жүлдегер атанған ол ірі жарыстарда жолы болмады. Сол үшін 2012 жылғы Лондон олимпиаласының іріктеу турниріне бапкерлер оның ең басты қарсыласы Ілияс Сүлейменовті апарған еді. 2012 жылы Астанада өткен ел чемпионатының ширек финалында Сәттібаев мүлт кетті. Ұзақ уақыт құрама сапынан көрінбей кеткен кездері де болды Кейіннен олимпиадалық цикл барысында Олжас табысқа жету жолында аянбай тер төкті. Әуелі әскерилер арасында әлем чемпионы атанды. Қазақстан біріншілігінде топ жарып, Тараз құрамасымен бірге ҚР кубогын иеленді. Кейіннен «Астана арландары» сапында бүкіл әлемдік WSB сериясында жеңімпаз атанды. Азия біріншілігінде барлық қарсыластарынан басым түсіп, құрлық чемпионы атанды. 28 жастағы боксшы ұлттық құрамадағы олимпиада ойындарына бара жатқан тәжірибелі спортшылардың бірі. Әлемдік рейтингте үшінші сатыға жайғасқан Олжас Риодан олжалы оралады деген үмітіміз бар.  src= Дегенмен, 52 келіде әлемде Олжастың мықты қарсыластары өте көп. Кубалық Йосвани Вейтия, әлем чемпионы, әзербайжандық Эльвин Мамишзаде, екі дүркін әлем чемпионы, ресейлік Михаил Алоян сынды боксшылар Сәттібаевқа қиын қарсыластар саналады. Тәжірибесі толысқан Олжас Сәттібаев жеңіске жету үшін барлық мүмкіндігін толық пайдалана алады. Ілияс Сүлейменов екеуінің арасындағы бәсекеде үздік шыққан ол наурыз айында Қытайда өткен азиялық іріктеу турнирінен жолдама иеленген болатын.

 Ақпарат көзі: Baq.kz

 

Ұқсас жаңалықтар